Газетті шығарушы тұлғалар

Степан МИЛЮТИН

Степан Петрович Милютин 1884 жылы Симбирск губерниясының Сызран уезіндегі Кузоватово деревнясында туған. Ұлты – мордва. Деревня мектебінде үш жыл оқып, байларға жалшылыққа кетеді. Кейін отбасы күнкөріс қамымен Астраханға қоныс аударғанда, С.Милютин сонда от жағушы, сылақшы, балық аулаушылар кемесінде теңізші, «Нобель» зауытының жұмысшысы секілді түрлі жұмыс атқарады. Бакуде мұнай кәсіпорындарында жұмыс істейді. 1904 жылы Астраханға қайтып келіп, сылақ шеберханасына орналасады.

Мұстафа КӨКЕБАЕВ

Бөкей ордасының І-теңіз жағалауы округіне қарасты (қазіргі Атырау облысы), Мың-Төбе  елді мекенінде, балықшы Көкебайдың  отбасында  үш баланың үлкені болып дүниеге келген. Ол 1907 жылы Хан Ордасындағы төрт кластық қалалық училищені, 1910 жылы Омбыдағы ветеринарлық училищені тәмамдаған.

Ғұмар ҚАРАШ

Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры. Оның  1910-1918  жылдарда  Қазан,  Уфа,  Орынбор  қалаларынан  «Ойға

Ғабдолғазиз МҰСАҒАЛИЕВ

Тарихшы, қоғам қайраткері, заңгер Мұсағалиев (Мусин) Ғабдолғазиз 1880 жылы Бөкей ордасында туған. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан Ғабдолғазиз одан әрі Қазан медресесіне оқуға түскен. Медресені аяқтағаннан кейін арнайы ақсүйектер мектебінде оқиды. Каир университетінің заң факультетіне оқуға түсті. Мысырдың бай кітапханасын сүзіп, халифат дәуіріндегі қолжазбалармен танысты, түркі халқының ежелгі тарихын зерттеді. 8 шет тілін (қытай, араб, парсы, түрік т.б.) білген. «Гүлжиһан» атты дастанды

Халел ЕСЕНБАЕВ

Халел Есенбаев қазіргі Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы аумағында, Ағашүй ауылында өмірге өмірге келген. Ауылдан хат танып, кейін Орынбордағы «Хұсайыния» медресесіне түседі. Сөйтіп 1915 жылы мұғалім мамандығын алып шығады. Қазан төңкерісіне дейін өз үйінің бір бөлмесінен мектеп ашып, бала оқытқан.

Халел Мұхаметжанұлы 1919 жылдың 21 ақпанында  РК(б)П  мүшелігіне кіреді. Бөкей губаткомының делегаты ретінде Қазақ АССР құрылтай съезіне қатысқан. «Киргизская правда», «Дұрыстық жолы» газеттері мен «Мұғалім» журналының алқа мүшесі болған.

Тәмимдар САФИЕВ

Т.Сафиев   жөнінде    деректер     мардымсыз.   Кейбір    деректерде   ұлты қарақалпақ екендігі айтылады. Орыс-қазақ тілдеріне жетік, қазақ баспасөзінің қалыптасуына өзіндік қолтаңба қалдырған тұлға.