Сыртқы хабарлар

Түркияда зор өзгеріс. Киев 20-апрель – Бізің Одессадағы өкіліміз былайша хабар береді. Кеше Түркияның консулы маған ресми портта иғлан етті: Түркия мемлекетінде зор өзгеріс болды.

Түркияның Азия қисымындағы губернияларында совет хүкметі иғлан етілді. Стамбулда революционный комитет құрылды. Оның қолында әскери һәм соғыс кемелері бар. Сайузниктер әзірге іске қатыспай тыныш тұр. Түркия консулы Русиямен екі арада тауар айырбастауға кірісудің керектігін баян етті. Бірақ сайузниктер Түркия кісілерінің жүруіне кесірлік етпейді.

Баварияда жаңадан совет хүкметі

Науэн. 17 апрель Мюнхен қаласы жаңадан коммунистер қолына көшті. Левин қол астында испалнительный комитет құрылды.

Мюнхен гарнизоны бүтіндей коммунистерге қосылды. Ақ гвардиялардың қолына түскен кіндік комитет члендері босатылды. Қаланың жаңа коменданты байларға қарсы өте қатты бұйрық шығарды.

Мысырда қозғалыс

Соңғы телеграм хабарына қарағанда Мысырда қозғалыс өте күшейулі. Англияның жауыздығы артқан сайын жергілікті халықтың оған дұшпандығы да артып тұр. Жергілікті әскер бастықтары өздерінің қызметінен бас тартады. Каир һәм қалаларында забастовка, көше толған жиылыс.

Халық һәм қозғалысты басқарып тұрушы бір жасырын совет барлығы білінеді. Қозғалыстың түбі болшевизмге барып соғатындай түрі бар көрінеді.

Италия һәм сайузниктер

Лион. 26 апрель – Рим қаласынан алынған ақтық хабарға қарағанда, халық Орландо жағында көрінеді. Римдегі Америка Англия елшілерінің тұрған үйлері алдында зор жиылыстар болды. Вилсон һәм Лоид-Джоржды кемсітетін сөздер айтылды. Орланда Мусолини королге ғарза етпек. Сунину һәм Саландра ертең Парижға жүреді.

Япония елшісі бүгін Саландраға жолықты. Бұған қарағанда Японияның да Италияға қосылғандығы һәм жарас кеңесінен оның да риза емес екендігі білінеді.

Римде қарсылық жиылыстары

Лион. 27 апрель Римдегі шет мемлекет елшілері тұрған үйлерді сақтау үшін әскер қойылды. Қарсылық жиылыстары елшілерге зиян келтіре ме деген хауіф мықты. Римдегі Америка елшісінің берген хабарына қарағанда, Римдегі халық бүтінімен қозғалулы.

Карнарвон. 15 апрель (Ауа телеграмы) жарас әңгімесі хақында «Таймс» газетаның Париждағы тілшісі былайша хабар етеді: Германия 10-12 миллиард қадақ стерлинг төлеуге міндетті деген сөзі анық шешілді. Төлеп бітіруіне 50 жыл срок берілуі.

Бастапқы төлеулері алтын мен тауар  болуы  тиіс.  Германияның күн батысындағы краны хақында Америка, Англия, Италия, Франция советі мындай қаулы шығарған көрнеді: Франция уайымсыз болады!

Егер Германия Реин өзенінің сол жағасындағы қорғандарын жойса, һәм оң жағасындағы әскерлерін кейін өзіне ғарай шегіндірсе. Енді Сарский Рейн көмір шығатын жердің әңгімесіне келсек, ол турада мындай қаулыға келісті.

Франсияның бұзылған, қиратылған кен орындары Германия тарафынан түзетілгенге шейін Франция Сарский кенінен файдалана берсін.

Дансинк арқылы Полша сауда сату жасайды, соғыс уақытында бұйрықтарды бұзған офицерлерді де жазаландыру хақында қаулы болулы. Айыптылар айыптарына қарай ұлттар трибуналдарымен хүкімге тиісті болажақ. Мемлекет басшыларының айыптарын тексеру арнаулы трибуналдар болады. Ол трибуналдарға Америка, Англия, Италия, Франция һәм Япония өкілдері кіреді. Сонымен Германияның бұрынғы өлім императорына да хүкім болатындығын ойлауға мүмкін.

Вилсонның білдірмесі

17 марттағы «Ихуде пари» газетасының жазуына қарағанда жарас жиылысының 25 январдағы қаулысы бойынша «Ұлттар бірігі» жарас әңгімесінің бір кесегі болып кіру деген сөз нағыз шешілген сөз деп президент Вилсон бүгін жариялап отыр. Соның үшін осы айтылған қаулы бұзылады деген түрлі хабарлар өтірікке шығады. Жарас жиылысының «Ұлттар бірігі» хұқындағы шығарған қаулысы мынадай:

  1. Жалпы халық арасындағы міндетті атқару һәм халықты соғыстан зарарламау жағын қарап тұру үшін ұлттар бірігі жасау – ең керек нәрсе.
  2. Ұлттар бірігін жасау жарас әңгімесінің бір кесегіне кіру керек, бұл бірікке һәр бір ағарған шанымды ұлттар кіріседі.
  1. Бірік мерзімді жалпы халық жиылысы һәм түпкілікті махкамасы болуы керек.

Президент Вилсонның бұл білдірмесі ресми жарнама. Жарас әңгімесінің бір кесегі болған ұлттар бірігінің жобасы Америка сенатына куәландыру үшін жіберілешек.

Президент Америка халқының шүбәһсін жойып, егер ұлттар бірігінің жәрдемімен түпкілікті жарас болуына себеп бола алса, жарас әңгімесі сонда ғана пайдасын көрсетеді деген ойында қалды.

Вилсонның бұл сөзі Ниюиорк қаласында теңіз министрі Данилкдің мезгілді білдірмелеріне қарсы.

 

Содержание: