Русия һәм одақ патшалықтары

Жат жұрттың істерін басқарушы народный комиссардың радио яғни ауа телграмы

Англия, Франция, Италия, Йапония һәм Северо-Американский Соединенный штат патшалықтарына!

Одақ патшалықтарының Русияда хүкімет құрып тұрған һәрбір таптардан Принцива аралындағы болажақ жиналысқа өкілдер шақырғаны радио телеграмнан Русия советский правительствасына мағлұм болды. Русия советский правительствасы өз атағына тура шақырту ала алмай һәм сол радио телеграмынан жауап бермеудің шақыруды қабыл көрмегенге саналатұғынын аңғарып, өз ғамалдарын түрлі хате жорудан қорғау бағытына кіріседі. Патшалықтардың баспасөздерінде әрдайым оның ғамалын теріс көрсетіп жорығаны себепті Русия советский правительствасы осы жолда толық һәм анық өз бағытын білдіреді.

Өзінің соғыс хәлдері һәм ішкі тәртіптері толық жақсыға айнала тұрса да соғыс басылу мақсатында Русия советский правительствасы келіс болуын қабыл көреді. Советский республиканың ілгергі жолына кеселдігі жоқ болса, нендейін ауыр шығынға бахил (мақұл – қ.). Хазіргі алысып тұрған дұшпандары өздерінің күш-қуаттарын одақ патшалардан алып тұрған себепті алчамудың (?!) негізін солардан сайып, арада болған түрлі араздықты қысқарту бағытында Русия советский правительствасы ... сол одақ патшаларына өзінің түрлі шарттарын білдіреді.

Баспасөздегі һәм одақ патшалардың көп өкілдерінің Русиядағы алажақ турасындағы мақсұттарды жеккелі мақсұттың бірінен санап, советский правительства одақ патшалардың біту ордағы талаптарын орнына келтіруін мағлұм етеді. Һәм бұ турадағы міндеттерден дөнбейді. Қандай ретпен, жолмен бұл мақсаттар орнына келушілігі болашақ жолығыста ашылып, әр қаулы договор жасалуға тиіс.

Екінші Русия советский республикасының ақшасы аздығын һәм бөтен патшалықтардан қарыз алудың қиындығы себепті советский правительства өзінің қарыз өсімдерін, яғни проценттерін зауыт- фабрикте жасалуға түсетін нәрселерімен төлеуге дайын. Бұ турадағы шарттар да кеңес уақытында ... шешілсе керек.

Үшінші, бүтін патшалықтардың  кәсіпқорлары  Русияда  кәсіп етуге талаптары зор болған себепті советский правительство одақ патшалардың қол астарындағы адамдарға жер, орман уа ғайри байақтармен (?!) кәсіп етуге рұқсат етеді. Ләкин сол ретте советский Русияның дүнияуи һәм социальный бағытына зарар болмайтын болсын.

Төртінші пункт – Русия советский правительствасының пікірінше, болашақ кеңесте жер мәселесі болса керек, оның үшін советский правительства одақ патшалары жер турасындағы һеш талабы болмаса екен деген бағытты талап етпейді. Русский советский правительстваның пікірінше, одақ патшалары Польша һәм Финляндиядан басқа бұрынғы Русия империясының қол астындағы кейбір орындарда бұрынғы тұрған өз ғаскерлерін иәке одақ патшалардан қаржы-құрал уа ғайри жәрдем алып тұрған ғаскерлерді қозғамауды талап етеді деп түсінеді. 2-нші, 3-нші, 4-нші пункттардағы жад етілген одақ патшаларының мақсұттары көп-аз берілуі совет ғаскерлерінің соғысып жатқан майдандардағы алымына-халына қарай шамаланса керек. Қазіргі уақытта бұ халдер күннен күнге ілгері жақсылыққа басып барады.

Арқа майданында совет ғаскерлері Чинкурсті (?!) алды, күншығыс майданында уақытша Перьмнен шегініп, Уфа, Істерлі тамақ, Белебей, Орынбор һәм Оралскіні алып, Орта Азиядағы бүтін шойын жолды өзіне қаратты. Құбыла майданында жаңадан зор бағалы шойын жол стансалары Алексеевка, Пуарину, Еуропину, Таловая, калаш, Бугучарды алды һәм соныменен ол арадағы барлық шойын жолды өзіне қаратты. Һәм бұларға жәрдемші Луканский тарапынан Украинадағы совет ғаскерлері Красновтың сыртынан қауіп әзірлеп тұр. Украинадағы орын совет ғаскерлері Харьков, Екатеринислав, Полтава, Кременчук, Чернигов, Овруч уа ғайри қалаларымен қолына алулы. Белоруссияда, Литвада һәм Латвияда Минск, Вильнюс, Рига, Двинск, Митава, Виндава уа ғайри қалаларыменен сол республикалардың советский ғаскерлерінің қолына түгелінен түсті деуге жарайды.

Советский республиканың хәлі күннен күнге сауығып, орнығып келеді. Мұның толық сипаты мынау: бұрынғы совет правительствасына қарсы учредительный собраниені қуаттайтын бағыттағы таптың бастықтары Святицкий, Вольский, Шмелев, Корнуй, Черненков һәм Антонов кеше 3-нші хұтта Мәскеуге келді. Һәм бұл өз тарапындағы зор идерлі (?!) адамдар одақ патшалардың Русия ісіне қатысуларына бек қатты қарсы сөздер сөйледі. Бұрын сол бағыттағы меншевиктер де одақ патшаларының қатысуына қарсы һәм өздері советский правительствамен келісіп Мәскеуде «Вчера» деген газеталарын шығарып тұрады.

Ішкі хәлдердің қатты қауіптігінен құрылған жер чрезвычайный комиссиялар бұл уақытта таралды.

Бүтін патшалықтардың газеттеріндегі Петроградта һәм уа ғайри қалаларда түрлі ретсіздіктер бар деген хабарлар ... өтірік.

Хида... мен советский республиканың тәуірленген хәлі одақ патшалардың табының азық көбейгеніне зор ... бар, алайда Русия советский правительствасы жад етілген сауалдар турасында сөйлесу бағытында екендігі хақ. Одақ патшалардың елдерінде газеталарында советский правительстваның өз бағытын, пікірін халыққа ...картуын зор жер дей сайады. Совет хүкіметі өз пікірін ашық білдіруде ыхтиярдан махрұм қалуын мүмкіннен саймайды. Алайда одақ патшаларды тоқтатуға би ғылаж мұхтаж болса, оларменен шарт жасап, олардың ішкі істеріне қатыспасқа болады.

Жоғарыдағы айтылған шарттар бойынша советский правительства тез сөйлесуге кірісуге дайын.

Қай орында болса да яғни ... аралда, яки бөтен орында барша одақ патшаларымен яки солардың арасындағы біреумен.

Яки Русия патшалығының ішіндегі таптардың бастығымен сол одақ патшаларының ... айтуы бойынша. Русский советский правительства одақ патшалардан өтініш етеді: қай уақытта, қай орынға һәм қай жолмен өзінің өкілдерін жұмсау та... ....

Бүтін патшалық істері турасындағы народный комиссар Чечерин Мәскеу, 4-нші хұтта, 1919 жылда

 

 

Содержание: