Қазіргі халде Русияға не керек

Русияға тыныштық һәм тату еңбек керек, орыс жұртына байлардың һәм патшалардың соғысынан болған жараларын түзету, емдеу керек. Русияға  шаруасын  –  жаңа  ортақ,  бірлік  негізіне  құруы  керек.

Русия тағы да биыл мына соғыстың уақытсыз ұзауынан азап шекпек, жұмысшыларға фабрик, заводттарды тастап, қолына мылтық алып, сансыз фронтын дұшпандарынан сақтауға тура келіп тұр.

Істен шығарылған шойын жолдар әскер мен жау құралдары – жүктерімен толы, қалаларда халық азық аздықтан жүдеулі. Ауылдағы жұмыскерлер де бірінің артынан бірі соғысқа алынуда.

Мужиктерге де қиын, олардың бүлінген, кеміген шаруалары тиісті керек құрал нәрселерін жеткізе алатын емес.

Мұжықтар һәм жұмыскерлерге бәрінен де жарас келіс керек. Екі- үш жыл тыныш тұрғанда біздер өзіміздің қаладағы һәм ауылдағы шаруаларымызды жақсартып, ретке салар едік, қара жердегі һәм судағы жолдарымызды оңдар едік, қалалар мен ауылдар арасында нәрселерді дұрыстықпен алмасар едік.  Жұмыскерлер  нан,  ет  һәм сүт алар еді. Ауыл кісілері шекпен, шыт, һәм секерге мұхтаж болмас еді. Русия зор өзгерісінің халыққа соғысып әперген теңдігінен, яғни помещиктерді, төрелерді, байларды һәм саудагерлерді жойып, оның орнына ортақ еңбекті көптің файдасына қалдырауын халық толық аңғарып білуі үшін бізге жарас керек.

Біз татулықты тілегенмен, дұшпандарымыз бізді тыныш қойғысы келмейді. Помещик капиталистер өздерінің жерін, шенін, капиталын қайтару үшін Украинаға немістерді шақырып, әлде неше өзгеріс жасады, онан соң Англичан, Франсуздарды һәм Америка, Япондарды шақырып, оларға Архангелскіні, Сибирді берді.

Қара халыққа, жұмысшыларға татулық, тыныштық һәм таза жолдастық керек. Помещик капиталдар халық арасына ағуа таратып, шойын жолдарды бұздыруынан қара халықты күшті етіп қызыл әскер түзуге мәжбүр етеді. Олардан, һәм сыртқы-ішкі басқа дұшпандарынан құтылу үшін халық әскер түзбек.

Русия совет хүкметінің ең хауіфті дұшпаны Германия еді, бір-ақ ол биыл түбімен жойылды. Германия өзгерісі Кайзерді жойды. Енді бір хауіфті дұшпанымыздан құтылдық.

Франция, Англия, һәм Америка патшалықтары Кайзерді жеңіп, Русия жұмысшыларында дұшпандықтарын күшейтті. Бізің барлық ішкі дұшпандарымыз патшаның жақтастары, ақ сүйек, һәм Американдардың өз іштерінде бүлгін аз емес. Оларға әскерін өзінің ішіне жұмсау керек, бұ жақтан оларға хауіф түтін секілді жайылуда.

Русия жұмыскерлерінің бас дұшпандары майданнан түсті деген болады. Тілеген татушылық һәм тыныштыққа көздеріміз бірте-бірте жақындауда. Бірақ әбден тынышталып, мылтық-пулеметімізді тастап, қолымызға тырма, балғаларымызды алмастан бұрын мына Русияны жойуға қарсы келе жатқан ақтық дұшпанымыз – капиталды бітіру керек.

Егерде Дон алабында һәм Кавказдың арқа жағында Деникиннің әскері қозғалса, олар тек Колчакқа сеніп қозғалады. Егерде Эстон, Польский һәм Литва ақ әскерлері совет хүкметіне қарсы тұрса, о да со Русия хүкметі Колчак талаушыларымен әлсізденеді деп ойлауы. Ақтықта егер Русиямен соғысуды тамам ойламай тастаған Америка- Англиялар бізің арқа жақты таптаса, олар да Колчак талаушылары жеңеді деген үмітте болғандықтары.

Колчакты жолынан шегіндіруіміз бізге үлкен бір жеңу болады. Оның әскерін бітіруіміз бізің Орал һәм Сибирдегі совет хүкметін ғана емес, басқа майдандарымызды да тыныш мұңсыз етеді. Колчактың қозғалуымен тез арада шексіз Деникиннің ерікті әскері де қозғалажақ (таяқ ерікті әскерлері) һәм Эстон, Латыш, Поляк, Англия-Америка әскерлері де күн батыс, күн шығыста көтерілешек.

Русия һәм оның бейнетқор таптары татулыққа мұхтаж, бірақ бұ татулықты алу үшін Колчак талаушыларын бітіру керек. Бүтін Русияның ең қиын жұмбағы хазірде осы. Колчак – ең соңғы хауіфті дұшпан. Колчакты жеңгесін қызыл әскерлердің оннан тоғызы болмағанмен төрттің үшін тарату керек, жұмыскерлер өзінің орнына, мұжықтар ауылдарына қайтпақ. Шойын жолдар тазартылып, жөнделіп, тек қана жалпы жұрт керегіне қызмет етеді. Дұшпаннан тазартылған Түркістаннан фабриктерге мақта келмек. Дон алабынан заводтарға көмір келмек. Темір жолдар мұжықтарға мата, құрал, егін құралдарын әкеліп, қалаға астық, һәм басқа азықтарды жеткізіп тұрмақ. Һәр жер еркін дем алып, еркін еңбек орнына жұмсалмақ. Екі-үш жыл тыныш тұрғанда Русияны адам тани алмас – қалалар бейне шешек атып тұрғандай болар. Қалалар – шаруа мәдениеттің бұлағы болар. Мұжық һәм жұмыскерлердің балалары ғылымнан тиісінше файда алып, хүкметтің сиаси істері ілгері басып, білім бағы көктер.

Осылардың бәрін орнына жеткізуге бізге татулық керек. Бұл татулықты алу үшін ең зор һәм жалғыз болған дұшпанымыз – Колчакты бітіру керек.

Бізің барлық күшімізді, еркімізді жұмсап, дұшпанға қарсы тұрғандағы шешетін жұмбағымыз – міне, осы жазда шешілмек.

Русия Русия болып қалуға тиіс, һәм қалажақ! Колчак бітежақ! Һәм оның әскері осы жазда Русия қызыл әскерінің қолымен бітірілешек.

Л. Троцкий

 

Содержание: