Бейнетқор

Мінеки, орыс халқы бірге жүрген, Жаюға құрдастықты шынмен кірген.

Сескенбей, жан-жағына қарайламай, Қолына бейнетқордың туын ілген.

 

Түсірді төрелерді, бұзды-жарды, Байларға арнағандай зарын салды. Тепкіде езілулі жарлыларды

Тазартып жауыздықтан қолына алды.

 

Ерлікпен буржойларға күрес етті, Кім халық біз секілді тілес етті.

Русия неше түрлі халайыққа Әкеліп құрдастықты үлес етті.

 

Бұрында бай-төрелер тұрған болып, Ахыры қолға түсті құрбан болып.

Русияда тірлік еткен бейнетқорлар Байларға қару етті бір тан болып.

 

Құтылар езілуден табылды уақ, Араға әділ бұйрық жағылды-ақ.

Кім қалған біздің халық секілденген Көрінді тек хүкімет жағымдырақ.

 

Азамат кірді бізден бірі қалмай, Жолында қызмет етті арымай-талмай. Ғылымның арамызға түсті нұры.

Бұрынғы тұрған нәрсе шамы жанбай.

 

Құрдастық дүнияға шашылып тұр, Көңілі бай-төренің басылып тұр.

Һәр жерде патшалықтың қол астынан Соғысы бейнетқордың ашылып тұр.

 

Жарлылар байға қарсы аттанып тұр, Көңіліне төрелердің дат салып тұр. Бейнетқор басшысына рахмет айтып, Русия әдеттен тыс шаттанып тұр.

Содержание: