«Дұрыстық жолы» №6

Соғыс хабарлары

Уральский майданында Теке газеталарының жазуына қарағанда хазіргі күнде атты қазақтар арасында һеш бір ауыз бірлік жоқ. Бейнетқор атты қазақтар болып полктерімен совет әскеріне қосылып жатыр. Атты қазақ хүкметінің өте шанымды әскерлері арасында қозғалыс мықты. Тұтқындардың сөзіне қарағанда 18 һәм 9-ншы полктер Гурмев дивизиясы Каспи теңізіне қарай шегінуден бас тартты. Олар үйлеріне қайтып, совет хүкметіне бой ұсынаға тілейді. Атты қазақтар хүкметі хазір Жамбайға карай қашыпты.

Русия хабарлары

Қазақтардың сиезі

Ташкентен хабар береді: Совет хүкметінің қызыл туы астында

бүтін бейнетқор қазақ халқы бірікті. Біз бүтін Закаспи облысы Орал һәм Түркістан облыстарының қазақтарын араладық, олардың бәрі де өз көңілдерімен-ақ совет хүкметінің қожалығын таныды.

Жұмыскерлер жолы (коммуна һәм интернационал)

Бізің кішкентай, шынын айтқанда жоқтан бар етіп шығарып тұрған газета журналымызда коммуна һәм интернационал жайынан біразырақ сөз жазсақ, орынсыз болмас деп ойлаймыз. Неге десеңіз, айтылған сөздердің мағынасы бізің қазаққа тіпті жат, қай уақытта коммуна туғанын, қай уақытта интернационал туғанын, һәм олардың тууына қандай нәрселердің себепкер болғанын оқушылардың көбі есіткені болмаса білмей ме деп ойға келеді. Дұрысын айтқанда ішіңнен ұнатып, ұнатпасаң да, бұл сөздердің мағынасын түсініп қойуы тиіс.