«Дұрыстық жолы» №4

Николай Василиевич Парамонов

Жәнібек стансасында кезік ауыруымен врач Парамонов офат болды. 28-інші мартта сүйегін Ордаға әкеліп 29-ы күні қояды. Осының жайында Орда адамдарына білдіреміз.

 

Бастырып таратушы Кіндік қазақ комисариатының Ішкі ордалық бөлімі: шығарушы: жазушылар құрамасы.

 

г. Урда, Астраханской губ. Типография Букеевского Подотдела.

 

Екінші округ

Тілшіміз – инструктор Ғ.  Сарыбаевтан  келген  хабарға  қарағанда, ол Ордадан Астраханға барып, Нарын  қисымының  дұшпандары қолына кіргендігін доклад жасаған һәм онда хазірге қызмет ету мүмкін болмағандықтан бірінші қаңтардан бастап екінші округке жіберілген.

Түркиада өзгеріс

Иауропаның биік империалистері соғысынан Түркия да құры қалмады, ол да соғысқа қатысты.

Бізің ұлтшылар, ислам қаны жүрегіне орнасқандар Түркияның соғысқа қатынасуын ақыл көрді.

Әгәр қатынаспаса бәрі оны бітіреді, бөледі, бұның турасында тиісті пландары да жасалып еді.

Түркия бұл соғыспен иа бітеді, иа болмаса бүтін ислам ұрандыларын біріктіреді деп ойлады.

Арылмаған сор

Ішкі ордалық Таловка бөліміндегі озған 1918 жылдың февралында басталған басбақтық, мінекей, жыл толып асты. Әлі күшейуде, әлі отын шашып өсуде.

Әуелде не барлық саны 6-7-ден аспайтын бұзықтар бұ күнде 100-ге аяқ басулы, (ілесе түсіп қалғандар былай тұра тұрсын)

Қызыл фронт

Соғыстың халі (15-нші март)

Күн батыс майдан – Псков маңайында, Митауаның құбыла-күн шығыс бетінде 30 шақырым жерде Латыш қызыл әскерлері соғысып жатыр.

Құбыла майданы – Дуниатский районда бізің қызыл әскерлер қатты соғыстан соң бірнеше пункттарды алды, Ровно стансасында дұшпандардан 70 кісі тұтқын түсті. Күн шығыс майданы – Орал атты қазақтары бүтіндей жеңілуге айналды, қазіргі күнде савет әскері Теке қаласының қыбыла жағында 80 шақырым жерде дұшпандарды кері асырып қуып барады.

АғағаАйқын жол, ашқан тура, ақ сұңқарым! Аяғың басқан сайын артсын бағың! Әділдік, адалдықты тегіс жайып, Жұмыс ет, жұртқа бірдей сынбай сағың! Дұрыстық жолы, дүние-ай, ашық тұрса! Не жаман, адамзаттан қашық тұрса! Қайысып ерлер болып қиындыққа! Айқын жол

Айқын жол, ашқан тура, ақ сұңқарым!

Аяғың басқан сайын артсын бағың!

Әділдік, адалдықты тегіс жайып,

Жұмыс ет, жұртқа бірдей сынбай сағың!

Дұрыстық жолы, дүние-ай, ашық тұрса!

Не жаман, адамзаттан қашық тұрса!

Қайысып ерлер болып қиындыққа!

Айқын жол, қараңғыда ашып тұрса!

Қан-ішер, арсыз, бұзық, жауыздарды.

Жаздырмай құлаштарын, басып тұрса!

Күндеген, өрге басқан қадамыңды

Дұшпандар, беттей алмай, қашып тұрса!

Жолына, жаңа ашылған, жұртымыздың

Жарығын таң шапағы шашып тұрса!