«Дұрыстық жолы» №2

Сыртқы хабарлар

Иуерт уақытша президент

Науэн, 11-нші феврал учередителный собранияның бүгінгі отырысында Иуерт республиканың уақытша президенті етіліп сайланды.

Жолдас Карл Уадектің ұсталуы

Берлин, 12-нші феврал. Берлин қаласында спартактардың Ихгурнмен бірге жиналыстары болажақ жерде 12-нші феврал күні Карл Уадек ұсталып, Учадинскі абақтысына жабылды. Оның табылуына 25 мың марк сүйнші белгіленген еді.

Ортақтық

Алыптай алысып.

Жалықпай жарысып,

Мақсұтты жарыққа

Шығарды шалысып.

Езілген ерік алды:

Өң кірді, көрік алды;

Хақиқат басым боп,

Ерікті берік алды.

Кулактар жойылды:

Көздері ойылды;

Орнына бас иіп

Бейнетқор қойылды.

Көпшілдің көптігі,

Қазақта өткен-ді: Һәр істі ортақ боп

Ертеден енген-ді.

Еншісін алған жоқ.

Ен бұзып салған жоқ:

Бұл бағыт қашаннан,

Қазақта қалған жоқ.

Сөйлеусіз түсетін:

Сұраусыз ішетін:

Бөлінбей, жарылмай,

Орташа мұжықтарға хат

Соғыс және теңіз жұмыстарының халық комисарынан. Мұжық һәм қызыл армия арасында совет хүкметіне қарсы һәм оның азық-түлік туралы, соғыс туралы тұтқан сиасат жолына қарсы агитация (азғыру) жүріп тұр. Бұның солай болары екі бастан белгілі, табиғи. Неге десеңіз, совет хүкметі не бар пайдахор (эксплутатор) ларды һәм аз шоқ ауыл байларын бұрынғы артықтарынан айырды.

Қайғылы хабар

Аяулы құрбандар

Қан тасыды жиһанға, Һеш тоймас құрбанға. Паналар бұта жоқ, Тұрғандай біз жанға.

Жыртқыштар есірді, Ұят жоқ, шешінді.

Ақ жүрек әділдер, Қолында кесілді.

Зорлығы өтеді. Сүйекке жетеді: Хиуаз жоқ бұл іске. Төлеусіз кетеді.

Туралық, қайдасың?! Қол жетпес жайдасың, Біз қашан көреміз, Күшіңнің пайдасын?!

Жаққан, сөндің бе: Жоқ жолдан төндің бе. Жауызға құрбан боп Сен-дағы өлдің бе?