«Дұрыстық жолы» №11

Уақыт келді

Тілеген алаш едік, ел болсын деп,

Қайыспас қара нардай ер болсын деп.

Күндеген қара жүрек дұшпандардың

Көңілі, тасы қайтып, жер болсын деп.

Сыбанып қызмет ету уақыты келді,

Үстіне болғаның кел болсын деп.

Туғандық арасында керім болып,

Айрылмас ауыздары желім болып,

Қасқырдай қамтап жұту неден қалып

Ат мінген азаматқа сенім болып.

Дегенге қызмет етер уақыт келді

Қайғысы шын көңілден «елім» болып.

Надандық қалмай кетіп арамыздан,

Кейінгі өніп-өсер данамыздан.

Заманға лайықты кәсіп ишап

Дұрыстық жолы газетін құттықтау

Қазақтың ңұрлы күні - «Дұрыстық жол»!

Жазылып оқып көрсек пайдасы мол,

Тартынбай жетегіне еріп тұрсаң,

Қазақты қатарына қосатын сол.

Қаһарлы қара бұлт құрсаған күн,

Ықтырма жел бетіңде тосатын ол.

Қаптаған бізге қарай қалың жауды,

Жайымен жайықтырып басатын ол.

Жан аспас жын аспаса кісілерден,

Қан жұтып халқы үшін асатын ол.

Бата бер қолың жайып, азаматым

Жасасын, жасасын ол, жасасын ол!

Мұғалім Кенжеғали МҰҚАН ОҒЛЫ

Ел қартының көңілі

Апрелдің іші болса да күн шағырылмақ ыссы еді. Айдын айдын көлдерден, күмбездей ақ боз үйлерден асып, шөбі өсіңкілеу бір көғалға келіп түсе қалдым. Тоқымды төсеніп, ерді жастанып, кең сахараның көз тоймастай көрнісіне қарап, тамашаға батып жатқанымда биік дөңнің басынан бір топ түйе айдаған аттылы көрінді. Ол самиан сар далада жапа жалғыз жатқан мені көріп, түйесін тастап, бұрылып маған қарай жүрді. Жетіп келгенде басымды көтеріп қарасам, бір ақсақал қарт екен.

Сайузниктер мен Германия арасындағы жарастың қорытындысы

Бітім серті

Лион, 8 май. (һауа телеграмы) Өткен 1918 жылдың 11 ноябрнде сайузниктер мен Германия арасында соғыс уақытша тоқтатылды. Соғысты бүтіндей жоғалту ниетімен зор бітім кеңесі құрылды.

1914 жыл августа басталған Иуропа соғысы хазіргі күнде дұрыс һәм берік бітіммен аяқталды. Осы бітімнен соң сайузник Германия һәм жолдас хүкметтері арасында ашық қатынас басталажақ. Бітім серттері төмендегі ретше.

І – бөлім Ұлттар бірігі

Тарихи күннің тартуы

3-інші июнде Ішкі ордалықта құрылған бірінші қазақ атты полкіне «туы» беріліп, үлкен той болды. Полк өткен февралдан бері қарай құрыла бастады, оған бұл күнге дейін полк туы берілген жоқ еді.

Орда қаласына жиналған 3-інші обласной сиезінің уақытына тура келді. Бұл тойдың бегректе толық һеш көркем болуына себеп болды. Һәмида соныңмен бұл тарихи күннің тарихи тойына бүтін Ішкі ордалық халқы да ортақтасқан болды.