«Дұрыстық жолы» №1

Жарнама

Өлкелік қазақ бөлімінің ... жақын арада шығыс жақтар бірнеше ашқыш (кілт – қ.) тауып алды.

Орда халқына жариялаймыз: ашқыш жоғалтқан кісі болса, қазақ бөлімінің қасындағы редакцияның секретары Есенбаевтан сұрасуға болады.

Бөкейлік бөлімі

 

Бейнетқор

Мінеки, орыс халқы бірге жүрген, Жаюға құрдастықты шынмен кірген.

Сескенбей, жан-жағына қарайламай, Қолына бейнетқордың туын ілген.

 

Түсірді төрелерді, бұзды-жарды, Байларға арнағандай зарын салды. Тепкіде езілулі жарлыларды

Тазартып жауыздықтан қолына алды.

 

Ерлікпен буржойларға күрес етті, Кім халық біз секілді тілес етті.

Русия неше түрлі халайыққа Әкеліп құрдастықты үлес етті.

 

Бұрында бай-төрелер тұрған болып, Ахыры қолға түсті құрбан болып.

Одақтастардың бағыты

Төрт жылдан бері бүлініп жатқан ел, төгіліп жатқан қан бұл күндері азырақ тиылайын деді. Русияның ертедегі одақтастары өздерінің қас дұшпаны Германияны жеңіп, басын аяқтарына жеткізіп, қанға тойған қасқырдай өз мұрынын жаласып, жылмаңдасып тұр.

Соғыстың басталып мұнша ушығып кетуіне себепші болған Германия һәм одақтастар бабаларының таласы еді. Оның басқа мұнша қан төгіп, дүния сарп етіп, ел бүлдіргендей ердің құны – нардың пұлы дегендей, араларында һеш нәрсе жоқ еді.

Құрдастық жолы

Жер бітіп, су аққалы, ол жердің үстінде адам баласы қоныс етіп, күлін төгіп от жаққалы білімділердің тапсақ деп іздеген, жетсек деп көздеген бір мақсұты – мұңы болатын. Ол мақсұт, ол мұң: жер үстіндегі тәмам адам баласының құрдастық жолында жайлы тұрмыс құруы болушы.

Бұл «құрдастық», «жайлы тұрмыс» деген сөздер ауыздай айтқанда яки қағаз бетіне шимай салып жазғанда оп-оңай болса да, жарыққа шығарып, ғамалға қоюы өте ауыр, орасан қиын жұмыс.

Баспасөз

Баспасөздің халыққа ететін қызметі – оның басшылығы өте зор, халықты белгілі бір саяси бағытқа салушы баспасөз, өнер-білімнің керектігін айтып, халықты оқу, білім жолына сүйреуші баспасөз, тіл- әдебиеттің ілгерілеп жайылуына себеп болушы баспасөз, халықтың тұрмыс, шаруашылық реттерін жақсы жолға салушы баспасөз.

Баспасөз арасында халық ішіне бек көп таралғаны газета, журналдар,сондықтан бұлардың үстіне түскен қызмет те өте ауыр һәм міндетті.

Дұрыстық жолы

Қызыл ту ерлер қолға алған жолы,

Соныдан жарып тіке салған жолы.

Жер бітіп, су аққалы адам ұлы

Жете алмай, қарап көзі талған жолы.

Төр талқан, есік ойран мұның үшін

Қымбатты құрбан талай шалған жолы.

Еңіреген соры арылмай еңбекшінің

Екі иіні көкке жетіп қалған жолы.

Желпініп бейнетқорлар ерік алып,

Шам-шырақ бастарына жанған жолы.

Басында біздің қазақ үрписе де

Осы күн анығына қанған жолы.

 

Ғ.Қ.