«ҰРАН» нөмірі 38

Нөмірі 38 май 16 (3) 1918 жылқы бисенбі

«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.

Жазылу бағасы: жылдығы 15 сом, жарты жылдығы 8 сом, үш айлығы 5 сом.

Адрес алмастыру хақы 50 тиын

Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ»

5-нші мәжіліс 3-нші май

Ақша камисары Капсивичтің доклады тыңдалды. Ордалық қазынасындағы Ішкі Ордалыққа хас ақша жүз мыңнан аса бар екен. Бұның жалғыз төрт мың шамасы ғана ақшалана болып, қалғандары қазіргі уақытта жүрмейтін ауысым қағаздары. Подат, соғыс налогтары сықылды ақшаларды халық түгел тапсырған жоқ. Халық үстінде үш жүз мыңнан аса недайумка бар. Бұны шұғыл жинап тапсыру тиіс. Астраханда жаңа шығарылған ақша(бунна)лар шет губернияларда жүрмейді. Ішкі ордалық казнашействасында ескі ақшаның болғаны жүз мың. Бұл неге жетеді?

4-нші май жиылысы

Бұл күн Талупка, Тарғын қисымдарында красный гуардиа тарапынан нақақ шаһид болған азаматтардың рухына Құран оқылып, дұға тіленді. Бұдан соң оқу камисарының орынбасары Милентиев оқу туралы доклад жасады.

Доклад тыңдалғаннан кейін сиез мынадай қаулылар шығарды:

1) Қазақ тілімен оқытатын милли бастауыш мектептер ашылсын.

Салғырт туралы шығарылған қаулылар

Жаңа тәртіп бойынша болыс сайын болыс советтері, қисым сайын қисым советтері, Хан Ордасында Ішкі Ордалық кіндік советі ашылып жатыр. Қырық түрлі камисариат құрылып жатыр. Олардың әрбіреуінде әлденеше кісіден қызметке кірісіп жатыр.

Ғұмрми(?!) қаулылар

1) Красный гуардиа һәм қазақ болшеуиктерінің қазақтан талаған малдары көп. Жергілікті советтер солардың есебін алсын, кедейлерден алынған малды иелеріне қайтарсын. Байлардан алынған малдар байлардың налог-салғыртынан есеп болсын. Иәки жергілікті советтер қолында сақталсын.

2) Талупка, Жәнібек уақиғаларын тергеу үшін шұғыл тергеу камисиясы шықсын.

Жаңа мекемеге сайланғандар:

Ордалық кіндік советіне қисым басы екіден – 14, хәмиде Орда, Талупка, Жаңғала үшеуінен 3 – барлығы 17 кісі сайланды. Олар мыналар: бірінші округтан – Измаилов, Мәдиев. Екінші округтан – З.Зуалхайыров, С.Шагиев. Қамыс-Самар қисымынан – Сәлімгерей Нұралиханов һәм Залиев. Нарын қисымынан – Ғ.Сарбаев, Х.Әзмұхамедов. Қалмақ қисымынан – А.Берғалиев, С.Қалиев. Тарғын қисымынан – Н.Сарбасов, Н.Махмудов. Талупка қисымынан – М.Жақыбалиев, Ғ.Шрықпов.

Жер туралы

1. Негізгі закон бойынша жердің жұртқа тегіс, ортақ болуын мақұлдаймыз һәм оның тұрмыста ғамалға қойылуын тілейміз.

2. Астрахан крайавый съезінің жер туралы шығарған жобасына да біз ризамыз. Бірақ ол жоба өте тұманды һәм түсініксіз.

Болшевик ылаңы

Марттың аяқ кезінде Астраханнан матормен (праход) 10 қызыл гвардия шығып, Краснаяр төңірегіндегі қазақ байларынан ақша һәм 30 жақсы жылқы алады.

Бұлардың бүйткендігін қазақтар Краснаяр қаласының бастығына білдіреді.

Қараша

Тарғын қисымының 2-нші бөлімінде ұлт қауымы ашылуы: бізің дөңгелек бөрік қазақтың надандығы оқу, өнердің кемдігі сан рет жазылды. Бұрынғы уақытта басымыз шынжырлы, аяқтарымыз кісенді, көңілдеріміз печетті (мөр басылған, яғни жабулы – ауд.), айлар-жылдар жыртқыш жуандардың ішінде жасадық. Күн жадырап, сәуле түсіп, таң атқандай болды, әлгі аңдар әрқайсы өз басының қамында болып таралды.

Дағдарыс

Әй, Алла-ай, заман осылай өтер ме екен?

Аршылып бастан бейнет кетер ме екен?

Қызыл қан жерді жуған, елді қауып –

Құрдан-құр құмға сіңіп кетер ме екен?

Жаздырған жазықсызды құдайсыздар –

Жауапсыз, теңгерусіз кетер ме екен?

Страницы