«Ұран» газетіне қатысы бар тұлғалар

Бақытгерей ҚҰЛМАНОВ

Құлманов Бақытгерей Ахметұлы – тұңғыш шығыстанушы-қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Құлмановтың арғы аталары Әбілқайыр ханның ұрпағынан тарайды.

1859 жылы қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.

Б.Құлманов Орынбор гимназиясын күміс медальмен, Санкт-Петербор университетін шығыс тілдері мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

Ғұмар ҚАРАШ

Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейлікте Қырқұдық деген жерде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) Әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты моллалардан, Жалпақтал (қазіргі Фурманов елді мекені) қаласында Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, медресе бітіреді. Бұдан соң 1902-1910 жылдары өзі туып-өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше (жаңаша) бала оқытады.

Бейімбет МАЙЛИН

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айырылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.

Ілияс ЖАНСҮГІРОВ

Жансүгіров Ілияс – ақын, қоғам қайрат­ кері. 1894 жылы 5 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан.

Ғали БЕГАЛИЕВ

Ғали Бегалиев 1888 жылы Батыс Қазақстан облысының қазіргі Қазталов ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының кандидаты (1943), доцент. Қазандағы Мұхаммедия се­ минариясын (1902), Орынбордағы мұғалім­­ дер курсын (1918), Мәскеу педа­гогикалық ғылыми институтының аспирантурасын (1933) бітірген.

Ғабит САРЫБАЕВ

Сарыбаев Ғабит Хайроллаұлы — қоғам қайраткері, Азамат соғысына қатысушы. 1893 жылы Бөкей ордасында дүниеге келген. 1918 жылы Астрахан губерниялық кеңесінің мүшесі, қызыл гвардияшылар отрядының командирі болған. Ғ.Сарыбаевтың осы кезеңдегі қызметі «Ұран» газеті бетіндегі мақалалардан көрініс табады. Ғ.Сарыбаевтың өзі де «Ұранда» бірнеше мақала жариялаған. Қазақтың 1-ші үлгілі атты әскер полкін ұйымдастыруға қатысты. 1919 жылы осы полктің саяси комиссары болып тағайындалды.

Жиенғали ТІЛЕПБЕРГЕНОВ

Жиенғали Әділұлы Тілепбергенов 1895 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданы Қызыл жұл-дыз ауылында туған. Жазушы, драматург. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашқан Тілепбергенов Орынбордағы «Хусаиния» медресесінде оқыды.

1915-18 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесіне ауысып, «Садақ» қолжазба журналының Б.Майлиннен кейінгі шығарушысы болды.

Бисен ЖӘНЕКЕШОВ

Бисен Жәнекешев – Азамат соғысы кездерінде ерлік көрсеткен қазақтың бірінші атты әскери полкінің саяси комиссары, Батыс Қазақстанда Ке­ ңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы, Азамат соғысының ардагері, ақын. Ол 1893 жылы Ішкі Бөкей ордасының (бұрынғы Астрахан губерниясына қарасты) Тарғын уезі, №9 болысы Қарабөлтек ауылында (қазіргі Бөкей ордасы, Бисен ауылы) кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 15 жасында ескіше хат танып, өлең жазуға, домбыра тартуға әуестенеді. Әкесі Жәнекеш момын адам болған. Анасы Тойдық аса сындарлы, әзілқой, шешен кісі болыпты.

Мұстафа ЫСМАҒҰЛОВ

Мұстафа Шәмбілұлы Ысмағұлов 1914 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық кеңесінің Свердлов атындағы (бұрынғы К. Маркс) кеңшарында кедей отбасында дүниеге келген. 1930 жылы бастауыш мектепті аяқтап, сол жылдың тамыз айында Қазақ орман техникумына түседі. Оқу барысында денсаулығына байланысты I курсын ғана тәмамдап, одан әрі оқуын тас­ тайды. Денсаулығы қалпына келгеннен кейін Қызылорда сауда техникумына түсіп, аталмыш оқу орнын 1934 жылдың қыркүйегінде есепші-бухгалтер мамандығы бойынша аяқтайды.