Тәрбие Смағұлова

1957 жылы Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1974 жылы №25 орта мектепті бітірген. 1974-1977 жылдары Атырау қаласындағы Ғ.Тоқай атындағы баспаханада әріп теруші, бет құрушы.

1977-1982 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқыды. 1982-2012 жылдары облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды.

Тұңғыш мақаласы 1972 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарық көрген. Облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Бірнеше жинаққа әңгіме, новеллалары, мақалалары енген.

Тәрбие Орынғалиқызы 2002 жылы Ақ Жайық журналистері арасында тұңғыш рет 1 мың метр биіктіктен парашютпен секірген. 5 ұл-қыз өсіріп, сонымен қатар патронат ана атанған. Қазір зейнет демалысында.