Садық ҒАЙСИН

1906 жылы 18 ақпанда Жаңақала ауданы,   Новая-Казанка    ауылында туды. Әкесі Файзулла, оның ағалары Ғұбайдолла, Хабиб, Карим көпестердің дүкен қоймаларында жалданып жұмыс істеген. Он төрт жасында ата-анасы қайтыс болып, бастауыш мектепті бітірген Садық байдың малын бағуға жалданады.

1922 жылы Орынбордың өлкелік совпартшколында оқиды, сонда комсомолға қабылданады.

1923-1928 жылдары Орданың педтехникумында оқиды.

1928-1930 жылдары Жаңақалада мұғалім. Комсомол хатшысы, партия ячейкасында болды.

1931 жылы Жымпитының аудандық газетінде, аупарткомында, 1934-1936 жылдары Орда аупарткомында хатшының орынбасары.

1940-1942 жылдары Жымпиты ауданында жер бөлімінің нұсқаушысы, колхоз басқармасының төрағасы.

1942-1945 жылдары Қызыл Армия қатарында болды.

1946-1966 жылдары облыстық «Екпінді құрылыс», «Октябрь туы» («Орал өңірі») газетінде жұмыс істеді.

Тип материала: 
Тұлғалар