Рахим ҚОЖАХМЕТОВ

1922 жылы Жымпиты ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келді. Он жасқа толған кезінде әкесі дүние салып, екі қарындасы мен екі інісі үшін аналарынан кейін жанұяда бұл үлкені болып қалады. Жымпиты қазақ орта мектебін ылғи «бестік» бағамен бітіреді. Сол жылы (1940 ж.) күзде әскер қатарына борышын өтеуге аттанды. Әскерде жүріп 19 жасында партия қатарына кіруге арыз жазады. Көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып, жас коммунист әскери-саяси училищеге оқуға жолданып, оны жеделдетілген мерзімде бітіреді де ұрысқа кіреді. Рахим Абдоллаұлы осынау сұрапыл соғыстан елге аман- есен 1946 жылдың күзінде ғана оралды. Қаһарман істері мен ерліктері үшін бірнеше медаль, ордендермен марапатталды. Соғыстан соң Жымпитыда аупарткомда жауапты партиялық жұмыстарда істеді. Одан әрі жас кадр Орал обкомына жұмысқа алынады. Мәскеуде жоғары партия мектебінде оқыды. Бөрлі аупарткомында ІІ хатшы, Орал педагогикалық институтында партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарды.

Рахим Қожахметов 1963 жылы облыстық «Орал өңірі» газетіне қызметке жолданып, осы жерде табан аудармай он төрт жыл еңбек етті. Бас редактордың орынбасары болды. Бейбіт кездегі еңбегі де жоғары бағаланып, бірнеше медальдармен және «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

Р. Қожахметов 1985 жылы 15 қазанда қайтыс болды.

Тип материала: 
Тұлғалар