Нина Елисеева

Өзбекстан республикасында туған. 1953 жылы ата-анасының жұмысына байланысты Қазақстанға қоныс аударып, Орал қаласына көшіп келеді. Орталау мектепті бітіргеннен кейін бірден еңбекке араласады.

1958 жылы тұрмыс құрып, сәл-пәл үзілістен кейін сауда мамандығына оқып, осы салада жұмыс істейді.

1970 жылдан бастап, облыстық «Орал өңірі» газетіне қызметке орналасады.

Нина Алексеевна газетте шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып ширек ғасыр еңбектеніп, 1995 жылы зейнет жасына шықты. Адамдармен қарым-қатынаста адал, еңбекқор жанды журналистер еңбек демалысына құрметтеп шығарып салды.

Н. Елисеева қазірде Орал қаласында тұрады.