Мәжит ЖАДАНОВ

1924 жылдың 19 қыркүйегінде Жаңақала ауданының №17 ауылдық  кеңесінде туды. Орта мектепті Жалпақтал ауылында бітірген бойда, 1942 жылы тамызда әскерге шақырылған. Орал қаласына көшіп келген Ленинградтың  байланыс училищесіне курсант болып қабылданады. Соғыс жағдайына байланысты курсанттар оқуды бітірместен 1943 жылы 13 мамырда майданға жөнелтіледі. Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Талай ауыр ұрыстарға қатысып, елге 1945 жылдың желтоқсанында оралады.

1946-1949 жылдары мектептерде мұғалім, 1949-1954 жылдары оқу бөлімінде инспектор, аудандық комитетте үгітші болды.

1954-1961 жылдары облыстық «Орал өңірі» («Екпінді құрылыс», «Октябрь туы») газетінің меншікті тілшісі қызметінде істеген. Еңбектен қол үзбей жүріп, Орал пединститутын бітірді. Мәскеу қаласында жоғары партия мектебін тәмамдаған. Аудандық газеттерде редактор, аудандық партия комитетінде хатшы, аудандық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

Қазақстанның құрметті журналисі.