Мәжит ҚАЙЫРҒАЛИЕВ (1938 жылы туған)

Орал облысындағы Тайпақ аудынының Базартөбе ауылында 1938 жылы 26 қарашада дүниеге келген.

1962 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмам- дап, Тайпақ ауданының Котельников сегізжылдық    мектебінде    қазақ    тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1965-1971 жылдар аралығында Тайпақ аудандық мәдениет бөлімін басқарды. Осы жылдар ішінде Мәжит Қайырғалиұлының тікелей басшылығымен ауданда бірнеше кітапхана мен клубтар жаңадан ашылды.

1972-1991 жылдар аралығында облыстық «Орал өңірі» газетінде кіші әдеби қызметкер, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. 1991-2002 жылдары зейнетке шыққанға дейін 11 жыл бойы «Орал өңірі» газетінің бас редакторы тізгінін ұстады.

Баспасөз саласына сіңірген зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталды.

«Намыс» өлеңдер мен әңгіме, новеллалар жинағының авторы. Қазақстанның құрметті журналисі. Бүгінде Орал қаласында тұрады.