Мағзаш ҒҰМАРОВ

1923 жылы бұрынғы Гурьев облысында дүниеге келді. Мұғалімдік курсты бітірген соң, 1941 жылдың 15 қыркүйегінен Теңіз ауданындағы Кобяков ауылдық кеңесіндегі Ленин   атындағы   жетіжылдық   мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1942  жылы  10  тамызда  Теңіз  ауданы Өлеңті ауылдық кеңесіндегі Микоян атындағы мектепке қызметке ауыстырылады. Сабақ берумен қатар, оқу ісінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды. 1943 жылы 15 қаңтарда майданға аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін мектептегі жұмысын жалғастырып, жетім балалар үйінің директоры, ауаткомның мәдени ағарту бөлімінің меңгерушісі сияқты жұмыстарды атқарады.

1955-1959 жылдарда Теңіз аудандық «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы. 1959 жылы 1 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық «Октябрь туы» газетіне әдеби қызметкер болып қызметке қабылданды.

Мағзаш Ғұмаров 1962 жылы күзде іссапарда жүргенде жол апатынан қайғылы қазаға ұшыраған.