Ғұбаш ЖӨНДІБАЕВ

1905 жылы Орда ауданы Бөрлі ауылында дүниеге келді. 1921-1923 жылдарда Каспий балық, Басқұншақ, Эльтон тұз кәсіпшіліктерінде жұмысшы болды. Орданың совпартшколында оқыды. Ауылдық кеңесте хатшы, колхоз басқарма төрағасы болды.

1931 жылы Алматыда «Казиздатта» корректор болып, соңынан КомВУЗ-да оқыды. 1935 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде бөлім меңгерушісі, 1937-1938 жылдары Жымпиты аудандық газетінде редактор болып,  кейін  «Екпінді  құрылыс»  газетінде жұмыс жасап, 1941 жылы соғысқа алынды.

1945-1965 жылдарда «Екпінді құрылыс» («Орал өңірі») газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.