Амантай Боранқұл

1944 жылы 16 қазанда Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында туды. Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және тіл әдебиеті бойынша бітірген. 1968 жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) аудандық «Қызыл ту» газетіне тілші болып кіріп, кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. ҚазМУ-журналистика факультетін сырттай оқып, бітірген.

Әр жылдарда облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшілік қызмет атқарған. Өлкетанушы, Батыс Алашорда тарихын алғаш зерттеушілердің бірі. Бірнеше кітаптың авторы.