Абдолла ЖҰМАҒАЛИЕВ

Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған. Әуелі өз ауылында орта дәрежелі білім алып, 1934 жылы Орал педагогика- лық  институтының  әдебиет  факультетіне түскен. Осы жылдары «Екпінді құрылыс» газетінде Қасым Аманжоловпен бірге қызмет еткен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы ҚазПИ-де жалғастырған.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанды. Жалын жүрек ақын 1942 жылы майданда жаумен арпалысып, ерлікпен  мерт  болды.  Абдолла  ерлігі  жайлы  Қ.Аманжолов «Абдолла» поэмасын жазды.

Ақындығымен көзге түскен кезеңі 1937–1938 ж.ж. болды: әдеби журналдарда, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде бірқатар өлеңдері басылды. 1939 жылы Қызылордада   мұғалімдік   қызмет   атқарды,   осы   кезеңде «Токио», «Шығыс қызы», «Асанқайғы» атты дастандарын жазды. Байроннан және Лермонтовтан бірнеше өлеңдер, поэмалар аударды.

Шығармалары: Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1945; Өшпес   жалын.   Өлеңдер,   дастандар,   аудармалар.   А.,«Жазушы», 1985.

Тип материала: 
Тұлғалар