«ҰРАН» газеті

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 15 сом, жарты жылдығы 8 сом, үш айлығы 5 сом. Адрес алмастыру хақы 50 тиын Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ» Бұл нөмірде: Сиез қ...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ақша камисары Капсивичтің доклады тыңдалды. Ордалық қазынасындағы Ішкі Ордалыққа хас ақша жүз мыңнан аса бар екен. Бұның жалғыз төрт мың шамасы ғана ақшалана болып, қалғандары қазіргі уақытта жүрмейтін ауысым қағаздары. Подат, соғыс налогтары сықылды ақшаларды халық түгел тапсырған жоқ. Халық үстінд...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бұл күн Талупка, Тарғын қисымдарында красный гуардиа тарапынан нақақ шаһид болған азаматтардың рухына Құран оқылып, дұға тіленді. Бұдан соң оқу камисарының орынбасары Милентиев оқу туралы доклад жасады. Доклад тыңдалғаннан кейін сиез мынадай қаулылар шығарды: 1) Қазақ тілімен оқытатын милли ба...

Газет: «ҰРАН» газеті
Жаңа тәртіп бойынша болыс сайын болыс советтері, қисым сайын қисым советтері, Хан Ордасында Ішкі Ордалық кіндік советі ашылып жатыр. Қырық түрлі камисариат құрылып жатыр. Олардың әрбіреуінде әлденеше кісіден қызметке кірісіп жатыр. Олардың бәрі де жалуниа (жалақы – ауд.), ғылфамен(?!) қызмет етпе...

Газет: «ҰРАН» газеті
1) Красный гуардиа һәм қазақ болшеуиктерінің қазақтан талаған малдары көп. Жергілікті советтер солардың есебін алсын, кедейлерден алынған малды иелеріне қайтарсын. Байлардан алынған малдар байлардың налог-салғыртынан есеп болсын. Иәки жергілікті советтер қолында сақталсын. 2) Талупка, Жәнібек уақ...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ордалық кіндік советіне қисым басы екіден – 14, хәмиде Орда, Талупка, Жаңғала үшеуінен 3 – барлығы 17 кісі сайланды. Олар мыналар: бірінші округтан – Измаилов, Мәдиев. Екінші округтан – З.Зуалхайыров, С.Шагиев. Қамыс-Самар қисымынан – Сәлімгерей Нұралиханов һәм Залиев. Нарын қисымынан – Ғ.Сарбаев, Х...

Газет: «ҰРАН» газеті
1. Негізгі закон бойынша жердің жұртқа тегіс, ортақ болуын мақұлдаймыз һәм оның тұрмыста ғамалға қойылуын тілейміз. 2. Астрахан крайавый съезінің жер туралы шығарған жобасына да біз ризамыз. Бірақ ол жоба өте тұманды һәм түсініксіз. Әркім, әсіресе, қазақпен шектес отырған орыстар жобаға өзінше...

Газет: «ҰРАН» газеті
Марттың аяқ кезінде Астраханнан матормен (праход) 10 қызыл гвардия шығып, Краснаяр төңірегіндегі қазақ байларынан ақша һәм 30 жақсы жылқы алады. Бұлардың бүйткендігін қазақтар Краснаяр қаласының бастығына білдіреді. Сол жақта қызылдар да Краснаярға қайтып барған екен. Краснаяр бастығы бұлард...

Газет: «ҰРАН» газеті
Тарғын қисымының 2-нші бөлімінде ұлт қауымы ашылуы: бізің дөңгелек бөрік қазақтың надандығы оқу, өнердің кемдігі сан рет жазылды. Бұрынғы уақытта басымыз шынжырлы, аяқтарымыз кісенді, көңілдеріміз печетті (мөр басылған, яғни жабулы – ауд.), айлар-жылдар жыртқыш жуандардың ішінде жасадық. Күн жадырап...

Газет: «ҰРАН» газеті
Әй, Алла-ай, заман осылай өтер ме екен? Аршылып бастан бейнет кетер ме екен? Қызыл қан жерді жуған, елді қауып – Құрдан-құр құмға сіңіп кетер ме екен? Жаздырған жазықсызды құдайсыздар – Жауапсыз, теңгерусіз кетер ме екен? (Иіліп, еңкейгенді езе беру – Адамдық, әділдікке жө...

Газет: «ҰРАН» газеті
Астрханда  халера  ауруы  білінді.  Ауру  кеткенсан  өршіп  барады, аурушылар да бар. 1-2-нші округта ашаршылықтан қазақ арасында түрлі аурулар көбейе бастады. Өкпе аурулар тым көбейді.

Газет: «ҰРАН» газеті
Мәскаудегі мұсылман камисариатының әмірімен татар ағайындардың оқудағы милли адаралары 2-нші апрелде жабылыпты, һәмиде әр қала, үйездердегі милли адере бөлімдері де жабылажақ. Милли адеренің бүтін мүлкі, ақшасы Мәскау камисариатының қарауына тапсырылажақ. Қазір Уфадағы муғариф һәм мәлбе назаратта...

Газет: «ҰРАН» газеті
Орал атты қазақтары мен болшевик әскерлері Орал, Самара шегінде бір-біріне қарсы мықтап әзірленіп жатыр. Әзірге үлкен соғыс болып, бір жағының қирата жеңген жері жоқ. Орал жерінде атты қазақтарға малшы иәки арендаға жер алып отырған Ішкі Ордалық қазақтары көп. Атты қазақтар біздің қазақтарға: «...ге...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бұрын 10 сомға алған қағаздың пұтын қазір 120 сомға алып тұрмыз. Бұрын әр жібергенде газета басына 2 тиын поштаға төлейтін едік. Қазір жіберген сайын газета басына 10 тиын төлейміз. Газета жетісіне екі рет шыққанда бір кісіге жіберілген газета үшін халыққа жылға 10 сомнан артығырақ поштаға төлеу кер...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом. Адрес алмастыру хақы 50 тиын Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ» Бұл нөмірде: Тағы...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ішкі Ордалықтағы партиялықтың ұшығы былтырғы апрелдегі кіндік камитет һәм Ордалық камисарын сайлауда-ақ басталып еді. Басталса да сайлау бір түрлі сыпайы ғана өтіп кетіп еді. Оның артынан Қалмақ қисымы 7-нші бөлімде жер дауы басталды. Бұл баяғы партиялықты күшейте түсті. Даудың басында Ғилман Қасымо...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран»-ның 25-нші номерінде заман баласы болып Тарғынның управасының ағзаларынан сұрайды екен: Шариф Құшпан баласы азық-түлік камитетінде тұрғанда халықты жылатқан кісі еді. Енді не себепті милицианер қойылды? Бұл милиция болып алған соң кеудесін көтеруде, бұған халық жылаулы, мұңайулы деп, Шарифты...

Газет: «ҰРАН» газеті
Биыл Орынбордағы «медресе Хусаинияда» қырық шамалы қазақ баласы оқимыз. Осылардың көбі күнін көре алмайтын кедейдің балалары. Күз медресеге кіргенде жартытөлеу 150 сом ақшамызды беріп кірдік. Қалған 150 сомын қыс ортасында бермек едік. Сол айтылған уақыт жетумен, медресе басқармасы, «қалған ақшаны т...

Газет: «ҰРАН» газеті
Біз екі сөздің бірінде Европа бағытына түстік. Әйелдердің ерлерімен тең, бұрынғыдай малға, шалға сату болмайды деген сөздерді бостаншылықтан бері естіген сайын ау, біздің де құлдықтан, әсірлікте құтылатын күн бар екен ғой деп жүрегімізді басатын едік. Жаңадан тағы мынау хабарды естіген соң үмітсізді...

Газет: «ҰРАН» газеті
Біз екі сөздің бірінде Европа бағытына түстік. Әйелдердің ерлерімен тең, бұрынғыдай малға, шалға сату болмайды деген сөздерді бостаншылықтан бері естіген сайын ау, біздің де құлдықтан, әсірлікте құтылатын күн бар екен ғой деп жүрегімізді басатын едік. Жаңадан тағы мынау хабарды естіген соң үмітсізді...

Газет: «ҰРАН» газеті
Астраханда ескі стел бойынша жексенбі күні төртінші мартта Қырым Чілпи (?!) Жиһан Нығман эфендинің Севастопол түрмесінде шаһид етілуі турасында күндіз сағат 4-те Жамғиат Хаирбе жунратінде(?!) зор митинғ болды. Молдалар, мұғалімдер, ум... ...ларының қосылуымен қыран митинғ ... ...сталу дар бұрын хаті...

Газет: «ҰРАН» газеті
Өзіне «Панасук» деп өтірік ат қосып жұртты тонауға кіріскен бір салдаттың Таловкада қолға түсіп, жиналған халық сот жасап атып өлтіргендігі бұрын жазылап еді. 2-нші мартта Таловка советінен қатарынан екі асығыс телеграм келді: «Панасуктың жолдастары Алмалы жағынан салдат келіп, Таловкада бүліншіл...

Газет: «ҰРАН» газеті
Тарғын қисымы 4-нші бөлімде имам Сафиолла Ғабдолғазиз ұлы 23-нші февралда жұма күні жиналған халыққа түсіндіріп айтқан соң мүхкеме шарғиа (шариғат мекемесі – ауд.) хұзырындағы қазақ бөлімі пайдасына жұрт 83 сом жәрдем жинап берісті. Керекті орында басшылық халыққа түсіндірген имамдардан, айтқанға...

Газет: «ҰРАН» газеті
16-ншы жылы 25-нші июннен жарлығы тафриті Елеусін Төремұрат баласы қызметке алынып кетіп еді. Күні бүгінге дейін сол жігіттен хабар-ошар жоқ еді. Жаңа әзірде преиумнан қайтқан бір жігіттің айтуы бойынша Торғай облысының қазағы Мұса Байшуақ ұғлының қолында бір адасқан жігіт бар деп естідік. Жіг...

Газет: «ҰРАН» газеті
Жаратқан Алла ғаламды, Бірін-бірі сүймекке Әлемге қожа адамды, Осы жолда күймекке, Жан кірлейді тот басып, Махаббатпен күймесе. Бір асылға сыр қосып, Шын көңілден сүймесе.   Жан табысып сүйудің Бұлына баға табылмас. Кір тазарып күйудің Құнына жиһан шағылмас....

Газет: «ҰРАН» газеті
Ғұмар Қараштың «Тұрымтай» атты жаңа жазылған жыр кітабы басылып жатыр. 15-нші марттан «Сарыарқа», «Қазақ», «Ұран» басқар­ маларында һәм шығарушының өзінде сатыла бастайды. Топ адресі: Уфа Д.Вьдомоство, Кир.отд. г. Карашеву. Бағасы 90 тиын, поштамен 1 сом. Жүздеп алдырушыларға сомынан 20 тиын кемі...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Тіршілік» газетасы Ақмолада жұмасына бір шығады. Беті 8. Жылдық бағасы 5 сом, жарты жылға 3 сом. Адрес : Ақмола «Тіршілік» газетасы.

Газет: «ҰРАН» газеті
Жетісудағы босқын қазақ-қырғыздардың былтырдан бергі көрген халдерін естігенде адам баласының жазығы айып(?!), көзінен жас ақпасына мүмкін емес еді. Оның бер жағында өткен жаз Сырдария облысы, Ташкент маңайында бір тамшы жаңбыр болмады. Ала жаздай малға сөл бітпеді. Күз басынан қырда жұт болып, мал...

Газет: «ҰРАН» газеті
Тарғын 5-нші бөлім Сейітғали Әжіғалиұлы ... ...ғылынан 10 сом тапсырылды. ********** Шығарушы: Ғабдолғазиз Муси Бастырушы: Ордалық мұсұлман бұйросы

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом. Адрес алмастыру хақы 50 тиын Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ» Бұл нөмірде: Бост...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ескі Николай хүкіметі жығылып, бостандық туғанына осы 27-нші фебралда бір жыл толып өтті. Бостандықты алушы 3 жылдай немістен жұдырық жеп, соғыстан тойған салдаттар еді. Оларға саяси партиялар басшылық етеді. Бостандық алушылар Николайдың орнына екінші біреуді таққа отырғызу сықылды қате жолға тү...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Қазақ» һәм «Ұран» газетлерінде мен Нұралихановты болшевик-халық дұшпаны деп сөзлер арасында түрлі жаманлық амалларды маған тіркайды. Бұл сөзлерімнің кірсіз исміме, істеген амалдарыма муафиқ емес. Соның үшін өзімді тиіссіз жәбір үстінде қалғандайын сайып, болған уақиғаның дұрысын бұндан төмен иғлан...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран»-ның бағыты дұрыстыққа дос, бұрыстыққа қарсы. Оң бағыттан шыға жайылған жері, бізіңше, жоқ. Газетаның төрешісі – оқушылары. «Ұранның» көк жалдар мен байлардікін дұрыстап, нашарлардікін бұрыстап, 2-3 кісінің ғана бағытымен кеткен жері болса, оқушылар айтып көрсетсін. «Ұран» бірінші номері...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ақ жүрек азаматтар, асқар күнің, Дұшпанды алдан байқап, жасқар күнің, Дұрыстық ел қамында еткен істі, Қол соғып, қос үміттеп қостар күнің. Көш қосып, қол ұстасып сөз беркітіп, Арадан алалықты тастар күнің. Ағытқан қойдай шулап ерген елді, Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің. Аң...

Газет: «ҰРАН» газеті
Красный Куттан 30 шақырым жерде бір паселкеде орыс қолында бір қазақ жігіті тұр. Өзі былтырғы приомда кісі орнына жалданып кеткен екен. Сонан адасып, қаңғып жүріп әлгі орысқа душар келеді. Ақылы кемдеу: «атым Жұмағали, әкем аты Есен, жерім Қаракөл-Шоңай, жасым 37-де» дегеннен басқаны білмейді. Қо...

Газет: «ҰРАН» газеті
Мұхтасип, хатиб уа имамдарға! 1918-нші жылдың басынан бастап диниа назаратындағы барлық үстел жұмыстары мұсұлманша бола бастады. Енді мұхтасиб, хатиб уа имамдарға білдіреміз: мұнан соң диниа назаратына жіберілетін арыз һәм басқа қағаздар мұсұлманша болуы керек. Мұхтарет журналда һәм газеталарда б...

Газет: «ҰРАН» газеті
Талупкадан – Өткен соғыстарда елші болып жүріп неміс қолына түсіп, құлақ-мұрны кесіліп, батырлықпен атағы шыққан «Панасук» деген бір орыс салдаты бар еді. Феврал басында: «мен сол Панасукпын» деп Хан Ордасына құлағы шұнақ бір салдат келген. Ордада тұрақтай алмай Талупкаға барған. Онда барып өзіне...

Газет: «ҰРАН» газеті
12-нші мартта Астрахандағы мұсылман военный ревалюционный камитетінден Хан Ордасындағы 9 саудагерге телеграм келді. Телеграмда «Астрахан крайындағы саудагерлерге бір миллион сом төлеу түсіпті. Соны 15-16 марттан қалмай Астраханға келіп төлеңіз» дейді. Бұл телеграмның жай-жапсарына анықтап түсіну...

Газет: «ҰРАН» газеті
Өткен 17-нші жыл август басында қазақ азаматтары болып бас қосып кеңесіп, Жаңақалада «Білім бірлігі» деген қауым ашты. Мақсаты – халықты ағарту, білім, өнер тарату. Қос жүре-бара түзеледі дегендей, жаңадан аяқтанып келе жатыр. Өткен жедінің ішінде қазақ жастарына Ишанғали Меңдіхановтың басшылығым...

Газет: «ҰРАН» газеті
Дүние, риза емен ғамалыңа, Әркімнің болған себеп ажалына. Қашаннан туып-өскен адам ұлы, Тап болған бұ бір заман зауалына. Жоруға не нәрсе деп болар мұны, Өз тәнін өзі жеген адам ұлы. Мұны да айтамыз ба ауыз барып – Деп үмбет Мұхамедке Құдай құлы. Біз жастар ел еңбегін елер бо...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом. Адрес алмастыру хақы 50 тиын Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ» Бұл нөмірде: Ішкі...

Газет: «ҰРАН» газеті
Дүниені тегіс өрт алғандай заман болып тұр: әр жұрт та жұртшылығын айтып жан сақтау, бас қорғаудың қамын істеп жатыр. ...ын жан сақталып, бас қорғалар ма, жоқ па, ол екінші сөз, оны келер шек көрсетеді. Кеше Орынборда жалпы Алаштың азаматтары бас қосып, әр нәрсе туралы тоғыз күн толғандырып кеңес жа...

Газет: «ҰРАН» газеті
Февраль басында Астраханнан Ғылман Қасымов, прапыршик Саматов һәм Тәж Әлденов (татар салдаты) үшеуі Ордаға келді. Қолдарында Астрахандағы салдат һәм крестиандар советінен алған қағаздары бар: «Бостандыққа қарсы адамдарды ұстауға» деген. Бұлар артынан красный гвардиялыққа жазылған қазағы бар, қара...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бізден болшевиктер қалайша шықты? Оқушыларға түсінікті болсын, ол үшін уақиғаның қалайша басталған тарихын жазып өтелік: Қалмақ қисымы 7-нші бөлімде Шафай Бекқожа оғлы деген бір жерлі бай бар. Оның айналасында жері аздау бірнеше үй биылғы бостандықтан пайдаланып Шафайдан шабындық жер үміт етед...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75... Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше. Нөмірі 10 тиын Ха...

Газет: «ҰРАН» газеті
Болшевиктер Германиямен бітім жайын сөйлескелі үш айдан асты. Германия бітім үшін мынадай шарттар қойды: Германияның Русиядан соғысып алған жердің адамдары Германия тілегінше басқарылуға, Русия Германияға 7-8 миллиард соғыс шығынын төлеуге һәм он бес жылға шейін Германия тауарлары Русия ішінде бошли...

Газет: «ҰРАН» газеті
15-нші февралда Астрханда крестиандар сиезі болады. Біз өз алдымызға облыс болдық, қала берсе автономиялы бір мемлекет болдық десек те Астрхан советтері сыртымыздан бізге көйлек пішуін қоймайды, Ішкі Ордалықты әманда Астрханның бір үйезі деп санайды. 15-нші февралда болатын крестиандар сиезінде д...

Газет: «ҰРАН» газеті
Қағаздың бағасы адам етер емес. Баспахана жұмысшыларының хақы да 3-4 есе артып кетті. Сондықтан «Ұранның» да бағасын екі есе арттыруға мәжбүр болдық: 1918 жылдан бастап жылдығы 8 сом, жарты жылдығы 5 сом, үш айлығы 3 сом.бұрын жазылып қойғандардан 1 есе ақшаларын жіберіп, бағаны толықтыруларын өтіне...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75... Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше. Нөмірі 10 тиын Ха...

Газет: «ҰРАН» газеті
Аллаға мыңдарша хамиддар (мақтаулар – ауд.) болсын, халық үшін шыбындай жандарын, қасықтай қандарын қиып, кешегі Петроградтағы шаһид болып кеткен сабаздар арқасында Николай Русиенің 200 миллион халықтарының тарапынан памат етіп берілген лағнет қамыттарын мойнына киіп алып, малғұн болып Табул қаласын...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бостандық болғалы, ол сайлаусыз болған жоқ. Түрліше камитеттерге сайлау, съездерге сайлау, қазы, имам, мұхтасипта сайлау, земстуоға сайлау, ел құрылтайына өкілдер сайлау, һәм басқаша сайлаулар қай елде, қай жерде де болса болды. Һәм болып жатыр. Бұл сайлаулар бәрі де асылында ел игілігі үшін. Елд...

Газет: «ҰРАН» газеті
Петраградта окрук мұсылманларының съезі болып еді, съезде Петраград бөлімшесі китабханасында сақталып тұрған Ғұсман рази Аллаһу ғанһаның құраны. Алуға әуелі талап халық камисарына білдірген. Халық камисары құранды алуға рұқсат берген.

Газет: «ҰРАН» газеті
1 списіктегі. Құлмановқа 48 000 дауыс. Танашевке 51 000 дауыс. ІІ Сармоллинге 19 000 дауыс. Нұралихановқа 16 000 дауыс. Бұлар екінші окрукты шығарып тастағанда, онда жұма болу себепті сайлау болмаған секілді. Мұны аралары қашық болу себебі мың хисабын ғана айтып отырмыз. Бір жүз, жары...

Газет: «ҰРАН» газеті
Русия патшалығында халық жың-жың болып бөлініп, автономия құрып жатыр. Қазірде бөлініп тұрған Финляндия, Украина, Сібірия, ?уркта, һәм уа ғайрилар (басқалар – ауд.). Бұл автономия дегеніміз мәнісі бұ сықылды болады. Бөлініп ... алған халықтар өздерін бәрін тілейді, басқалардың оларға қатысы болмайды...

Газет: «ҰРАН» газеті
Орынбургтегі қырғыз-қазақ съезінде 80 дауысқа қарсы 66 даусыменен қазақ өз алдына муфтилік болмақшы болған ел

Газет: «ҰРАН» газеті
Қазақ баласы Алаш туы астына кіріп, автаномия алып отыр. Татар қандастарымыз топырақты мұхтарет иғлан етіп, шектерін созып отыр. Бұ себепті Ішкі Ордалықтың рухани істері діни назареты хұзырындағы қазақ бөлімінде қаралатын болды. Енді жіберілген махала талуғтары уа ғайри агенттер уа басқа да іс...

Газет: «ҰРАН» газеті
Учредительный собрания: халық камисарлығы учредительный собранияны 5 нші январға ашуға қаулы қылып әмір таратыпты. Учредительный собраниядағы депутаттар 800 шамасында болмақ. Қазірде алты жүзі сайлағандығы хақында хабар алынды. Мұсылман әскери мектебі Бакуде мұсылмандар үшін прапыршиктер шк...

Газет: «ҰРАН» газеті
Мырза орнына мыртық, Бүтін емес, жыртық. Тымырайад қоразсынып, Жаман шіркін қортық,   Кеудеден басқа дым да жоқ, Қарасаң қоймай тінтіп. Құзғынға жем антұрған Айтсам шынын сөйтіп.   Партия деген жел кірсе, Қарнын алады жыртып. Басы картоз, тар шалбар,...

Газет: «ҰРАН» газеті
Астраханда муслимеге махсұс Исматулла Муслимов тарапынан «Азат ханым» есімлі жаңа журнал шығып еді. ол журнал 3-нші номерге келгенде бағзы бір фурашкалы сүріклер(?!) қарсы болып тоқтатылып еді. Соңғы күндерде журнал жаңадан шығады деп естідік. Журналда қатын-қыздан муғар-фабрур(?!), түрлі проз тәуір...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бөкейлік кіндік камитеттің барлық ағзаларын, онан барлық писырларын, онан стораждарын барлығын кешегі шын көңілімен һәм ашық жүзбен қарсы алып, үш күн біраз тілек айтып өткерген Рождество күнімен бүкіл Бөкейлік атынан шын көңілімен тілек айтамын... Міне, миллилік! Міне қазақшылық! Жасасын кіндік кам...

Газет: «ҰРАН» газеті
Большевиктер учредительный собранияны ашуға асығады деген хабар бар. Себебі Брест Литовскідегі бітім сөйлесуші өкілдері учредительный собранияның шапшаң ашылуын тілейді. Соның үшін халық камисарлары шурасы учредительный собранияны кешіктірмей ашпақшы. Жарас конференциясын көшіру: тысқы істер ками...

Газет: «ҰРАН» газеті
Аримикинді өлтіру: баш министр Аримикин өлтірілді деп Петраградта қабар алынған. Бұл Николайдың нағыз жолдасы, ІІ-нші Думаны қуушы осы еді, 2-нші Штурмерда өлді. Мемлекетті тәһілкеге түсірген Николайдың жолдас министрлері дүниеден жоғала бастағанына топырақ шашамыз. Зорлап салғырт салу: Самардағы...

Газет: «ҰРАН» газеті
Германия өкілдері Петраградқа келді. Бұлар бітім жайын сөйлеспекші. Қазірде қаралатын мәселесі мыналар: 1-нші әмірларды қайтару хақында. Соның ішінде әскери болмаған әмірларды қайтару, яғни Германияның алған жеріндегі халық қайтуға ыхтиярлы. 2-нші Германия мен Русияның арасына пошта жүргізу жолын...

Газет: «ҰРАН» газеті
Брест Литвасында Туркияның уәкілдері Русия уәкілдеріне мынаны айтқан: 1-нші, Түркия мен Русияның мемлекеттерінің жігін соғыстан бұрынғы күйше өзгертпеу. Екінші, Русия мен Түркияның арасында бітімден соң сауда ісін жүргізу һәм екі жақ соғыс уақыттағы қозғалып һәм қозғалмайтын зияндарын төлеу (рус...

Газет: «ҰРАН» газеті
Жұма күнді байрем (мейрам – ауд.) ету керек. Бұрынғы Николай заманында барлық орыс праздниктерінде байрам жасап, жұмыстан тоқталып, өзмилі бирамдарымызда көңілсіздеу оздыратын едік. Оның себебі екі хүкіметтің мұсылмандардың діни уа милли істерін аяққа салып таптау үшін еткен қысаңшылықтары еді....

Газет: «ҰРАН» газеті
Бөкейлік Талупка қисымы 5-нші волустағы төре руғылық Хатым Хасан оғлы Жерновитс губерниясында 250-нші партияда қызметте жүріп ауырып қалған еді. Осы күнге қадарлы хабары жоқ. Көрген-білген болса, Ұран басқармасына білдіруін өтінеміз. Пангерай АҚСАРТЕВ

Газет: «ҰРАН» газеті
Харков  шаһары  Украинислар  қолында  деген  хабар  бар.  Ондағы балшевиктерді құралдарын алып, Петраградқа тез шығатын көрінеді. Көп кешікпей Петраградты алу ыхтималы бар. Харков пен Варжба (Варшава ма? – ауд.) арасында Украинислар мен болшевиктің соғысы...

Газет: «ҰРАН» газеті
Керенский заманында Түркістандағы тәртіпсіздік шыққан соң генерал Каравщенко әскер бастыққа тағайын қылған еді. Соның үшін бұл Түркістанда болшевиктермен төрт күн соғысты. Ақырында болшевиктер жеңіп, Түркістанды өз қолына алып, генерал Каравщенконы абақтыға жапты. Соңынан халық жиналып барып, генера...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75... Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше. Нөмірі 10 тиын Ха...

Газет: «ҰРАН» газеті
Хан Ордасында «Ордалық окружной сайлау комиссиясы» 21-нші сентябрден бастап учредительный собранияға сайлау қызметіне кірісті. Комиссияның үстіне алынған қызметтері өте ауыр һәм шұғылдықпен атқарылатын қызметтер. Бұндай ауыр істерді жеңілдікпен атқарып жіберу үшін сунақты, білікті, ақиық өте жүйрік...

Газет: «ҰРАН» газеті
Қазіргі сұрапыл дүния соғысы 3 жасын толтырып, енді 4-нші жасқа аяқ басты. Бұл соғыстың жалқын шарпуына ұшырамаған, онан зиян көрмеген адам жоқ шығар. Біздің сойылымызды ұстап, бізге көмекке шыққан уақ патшалықтардың 4-5-і немістің жұдырығының астында жүндей түтіліп, дүниядан жоғалды, мемлекеттері х...

Газет: «ҰРАН» газеті
Участкоуой (ауылный) сайлау комиссияларының қызметтері: 1) Өзінің ішінен бір членді окружный сайлау комиссиясына жібереді. 2) Сайлау күніне шейін ең кемі бөлмелі бір кең үй әзірлейді. Қисым комитетінің мөрі басылған сайлау запискаларын әзірлейді. Запискалар салатын түпті әзірлейді. 3) Өз...

Газет: «ҰРАН» газеті
1) Өз округінен келген кандидат списоктерін сайлауға он күн қалғанға шейін қабыл етеді. 2) Кандидат списоктеріне берілген уақытына қарай нөмір (мысалы, бірінші берілгеніне бірінші нөмір, екінші берілгеніне екінші нөмір) қойылады. 3) Сайлаудан бір жеті бұрын жиналған кандидат списоктерін нөмірл...

Газет: «ҰРАН» газеті
Мысал үшін айталық: Бір сайлау округінан бес гласный сайланбақшы екен. Сол округтағы бір участок (ауылный участок) тың сайлаушылары ең жақсы деген адамдардан бес кісінің аты-жөнін жазып, гласныйлыққа көрсетеді. Сол қағазды окружной комиссияның председателіне тапсыра-ды. Міне, осы жазылған қағазға (к...

Газет: «ҰРАН» газеті
Еркек болсын, әйел болсын, 20 жасқа толғандардың бәріне де «сайлаушы» деп айтылады. Осы сайлаушылардың атқаратын міндеттері мыналар: 1) 20 жасқа толған әрбір адам өзінің аты-жөнін сайлаушылар списогіне кіргізулері, мұқаят жаздырулары керек. 2) Список жазылды. Жұрт көрсін үшін қызыл үй яки үй с...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бұрын ұйықтағанда түске енбейтін бостандық, теңдікті көзімізбен көретін заман болды. Бұрынғы уақытта айтуға тіл, ойлауға көңіл батылдық ете алмайтын учредителні собранияның ашылатын уақытына келіп жеттік. Ертең учредителні собрания ашылғалы тұр. Онда жиналған өкілдер халықты билеп сөз айтпақ. Ескі п...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ескі хүкіметтің жығылып, жаңа хүкіметтің орнасқанына 7 ай болды. Русиядағы әр түрлі халықтар қолдарына бостандық, теңдік тиісімен-ақ ең жақсы деген адамдардан басшылыққа сайлап, ел тізгінін солардың қолдарына тапсырды. Олар алдымыздағы астанаға әзірленіп, сыбағаларын, үлестерін алып қалуға даярланып...

Газет: «ҰРАН» газеті
Былтырғы өткен жыл Қайғымен, уайыммен Сарғайып жүзіміз. Жылаумен, сықтаумен Өтіп ед көзіміз. Тыңдаусыз қалып ед, Орынды-ақ сөзіміз.   Айналып, жақындап, Міне, күз тағы да. Келіп тұр, Алашым! Әділдік, теңдікпен Жүректің дауалап Жазылмас жарасын.  ...

Газет: «ҰРАН» газеті
Былтырғы өткен жыл Қайғымен, уайыммен Сарғайып жүзіміз. Жылаумен, сықтаумен Өтіп ед көзіміз. Тыңдаусыз қалып ед, Орынды-ақ сөзіміз.   Айналып, жақындап, Міне, күз тағы да. Келіп тұр, Алашым! Әділдік, теңдікпен Жүректің дауалап Жазылмас жарасын.  ...

Газет: «ҰРАН» газеті
– Бізің Темір уезінің (Орал облысында) Жем-Темір, Темір-Орқаш болыстарының жеріне Торғайдың арғы (арғын?! – ауд.) уезінің Шеңгел, Қарасай болыстарының көшпелілері келіп жайлайды. Оларды шетінен ұры десе болғандай: жылда көшіп келеді де, күз қайтара жатақтардың жалғыз атын сыпырып кетеді. Шықса да тө...

Газет: «ҰРАН» газеті
Кіндік камитет болыс басынан екі өкілден шақырып, 28-нші сентябрьде жалпы Ішкі Орданың съезін жасамақ болып еді. Болыс сайын шақыру қағаздар да жіберіліп еді. 28-нші сентябрьде шақырылған адамдардың төрттен бірі де келмеді. Сондықтан съез болмай қалды. Қолдарына зор күш, үлкен іс тапсырған 21-нші...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бірінші октябрьде Рига қолтығындағы орыс кемелері мен неміс кемелері арасында соғыс болды. Немістер Балтық теңізіндегі Езел, Даго деген аралдарға һәм теңіз жағасында әскер шығарды. Бұнымен Рига қолтығындағы кемелеріміздің де һәм сол маңайда құрғақта соғысатын әскерлеріміздің халі зор қатерге айналды...

Газет: «ҰРАН» газеті
Азық-түлік жайы өте қиындап кеткендіктен, майдандағы әскерлердің үштен бірі, қартырақтары (жасы келген қарттары – ауд.) елдеріне қайтарылатын болды. Қайтқан салдаттар ашаршылықтан әр жерден жұртты талауға кіріспесек еді деген қауіп мықты. Жақын арада Ташкент, Уфа һәм тағы да бірнеше үлкен қалалар...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ел құрылтайына сайланатын адамдар үшін кандидат списігі 13-нші октябрьге шейін қабыл етіледі, онан соң алынбайды. Списік үш қағазға жазылып, астына жүз кісі қол қойып, камисар құзырындағы окружной камиссияға тапсырады (статия 86-44).

Газет: «ҰРАН» газеті
Ел құрылтайына жіберілетін адамдарды сайлау былай болмақ: бір табақ ақ қағаздың сегізден біріне қаланған адамдардың аты-жөнін жазып, қобдиға салады. (статия 52). Шығарушы - Ғабдулғазиз Муси. Бастырушы – Ордалық мұсылман бұйросы.

Газет: «ҰРАН» газеті
Бостандық қолымызға тиді, 21-нші апрелде ішкі Орда қазақтары жи­ налып, жалпы съез жасады. Съез толымды, көлемді болды. Халқымызға, елімізге, жұртымызға пайдалы жақсы қаулылар шығарды. Жиналған халық сол съезде-ақ өзімізден, қазағымыздан ішкі Ордалыққа камисар һәмде кіндік уа қисым комитеттерінің ағ...

Газет: «ҰРАН» газеті
Съез, 11-нші сентябрьде басталып 13-нші сентябрь кеш жабылды. Съез председателі: Сәлімгерей Нұралиханов. Председатель орынбасары Мәжит Шомбалов, жазушы: Мауби Жұмалиев. Съездің программасы (бағдарламасы – ауд.): Русияның хазіргі саяси халы, докладшы – Уәлитхан Танашев. Учредительный со...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бұрыннан земстуолы губерналардағы вуолусной земстуо сайлаулары туралы хүкіметтің шығарған тәртібі «Ұранның» 6-7-нші номерлерінде басылды. Енді өзіміздің Ішкі Орда земстуо сайлаулары қалайша болмақ? – Сонымен халықты таныстыралық: Ішкі Орда земстуо ісінде Астраханнан бөлініп, өзіне ұйым облыс, бұр...

Газет: «ҰРАН» газеті
Халықты бес саусағында қып, ауыздықтап отырған ескі хүкімет һәм Николайды жығып, халық өз тізгінін өз қолдарына алды. Өзгерістен соң Русия мемлекетінің қалайша басқарылатын белгілеуді халық өкілдерінің учрителный собранияның билігіне қалдырып, мемлекетті уақытша басқару үшін жаңа хүкімет сайланды. Б...

Газет: «ҰРАН» газеті
Кіндік камитеттің шақыруымен, Саратаудағы халық дар-алфанониның лектірлерінен А.У.Куликов Ішкі Ордалыққа лектір болып тағайындалды. Қазір кіндік камитет құзырында «Земстуо бөлімі» деген бір бөлім ашылып, іске кірісті. Осы бөлімнің ұйғаруы бойынша Саратау халық дар-алфанониның шәкірттерінен (орыстард...

Газет: «ҰРАН» газеті
Учредительный собранияға сайлау ісін басқару үшін Ордада бір камиссия құрылды. Камиссияның басы: Б. Ниязов. Ағзалары: кіндік камитеттен 4 кісі: М.Жұмалиев, А.Мұхаммедалиев, Ж(Ш).Юсупов. Меңдәлиев. Астрахан окружной судяның шілені Чурин һәмде Саратау судейный палатасынан екі мировой судья. Камиссия 2...

Газет: «ҰРАН» газеті
Біз ең болмағанда бастауыш мектептерімізде мұғалім болып, қолдан келгенше елімізге қызмет етерміз деген ниетпен оқып жүрген шәкірттер едік. 21-нші апрелдегі жалпы Ішкі Ордалық съезінің қаулысы бойынша қысқа уақытты курстар ашылар деп, жаз бойы қарай-қарай көзіміз талды. Аяғында биыл курс ашылмайтыны...

Газет: «ҰРАН» газеті
Құрылтайға сайлау камиссиясы жұртқа жариялайды: Ішкі Ордалықта 23-нші сентябрден бастап құрылтайға сайлаушылар списігін түзуге кірісіледі. Камиссия басы: Ниязов. 22-нші сентябрь 1917 жыл.

Газет: «ҰРАН» газеті
Басқа қисымдарға қарағанда да, біздің Нарын қисымының кемдігі, шабандығы өте күшті: камитет сайлау туралы дау, жанжал осы күнге шейін арылған жоқ. Бұл, 7-9-11-нші волустардан көрініп тұр, пошта жорту ісі бүтіндей тоқталды, азық-түлік камитетін ашып ұқсата алмадық. Астық-шәй іздеп Ордаға шұбырған Нар...

Газет: «ҰРАН» газеті
Жәнібек – Осы күнде Жәнібек қаласында (бұрын станция еді, енді қала болды) 45 салдат жатыр. Солардың кейбіреулері қазақ ішіндегі волустарды бағып жүр. Кей біреулері жолдарды тосып, бидай, астық алып қайтқан қазақтарды шырылдатып ұстап, ақша алып босатып жатыр. Кей біреулері жүрегі ұшып қорқып қалған...

Газет: «ҰРАН» газеті
Биылғы жылы біздің қазақ өзгеден кейінде болса да съезге бір жарыды. Енді мұнан бұлай съезді қоя тұрып, іске кіріскеніміз де теріс болмас еді. Алдымызда сан съездер жатыр ғой. Земстуомызды сайлап алып, Земстуо собрание кеңес ашылатын болса, осы күнгі тоқсан тоғыз съезден сол пайдалырақ болар еді.

Газет: «ҰРАН» газеті
Ішкі Ордаға Земстуо ісіне қанық инструкторлар керек. Айлық уәзифа 300 сом. Жүріп тұратын көлік халықтан. Қызмет 2-3 айға тартылады. Земстуо бөлімдеріне секретарь һәм іс басқарушылар керек және де бойлай тұратын бір аграном керек. Тілегенге адрес мынау: Ханская ставка, Астрах. губ. Центральный К-т...

Газет: «ҰРАН» газеті
Құрылтайға сайлау камиссия 21-нші сентябрден бастап іске кірісті. Камиссиясының басы: Б.Ниязов, ағзалары: М.Жұмалиев, Ч.Юсупов, Х.Меңдалиев, А.Мұхамедалиев, Астрахан акружной судясының шілені А.Я.Шубин. Саратау судебный палатасынан екі мировой судья. Камиссия басқармасы: Хан Ордасында Камисар үйінде...

Газет: «ҰРАН» газеті
Қайырғали Қыдыралиев                                    3 сом; Мифтах мырза Күйінов арқылы жиналған Мырза Бисәліұғлы...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Екінші округ қазақтарына арналған бір уагон құм секерін Хұсейін Танашев пен Ғимран Дәулетияров көтере басқаларға сатып жіберіпті» деп жазушы Алаңбайға: аты-жөніңізді һәм адресіңізді анық білдірмегендігіңізден, хатыңыз түгел басылмайды. Біз ол туралы Ордадағы азық-түлік камитеттен һәм Астрахандағы І...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75... Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше. Нөмірі 10 тиын Ха...

Газет: «ҰРАН» газеті
Сайлаушылар міндеті 1) Сайлаушылар сайлау күні комисия ашылысымен сайлау үйіне келіп, сайлау запискесін салады. Салғандар, яки запискасы қабылданғандар өзге сайлаушыларға тығыздық етпей, үйден шығып, орын босатып тұруы керек. 2) Әр сайлаушы сайлауға келгенде сайлаушы өзі екендігін ыспатталып к...

Газет: «ҰРАН» газеті
Шашық хуторлардың зарарына ғана қазақтар қанағат етеді: 1904 жылы Саратаудан Астрханға тартылған теміржолдың қазақ жерінен өткен жерлерінде Жәнібек деген станса салынды. Бұл стансаның түбіне орыстар үй сала бастады. Орнын қазақтардан 5-10 сомға сатып алып, мұның түбінің зарарлы екеніне көзі жеткен б...

Газет: «ҰРАН» газеті
Қазақтың ортақ жеріне, бағусыз көп малының ортасына алып барып егін салдырған кім? – Жер сатушы! Қазақ ортасына егін салдырып, бұл күнде көп қазақты жерден, судан айырып, һәм айырайын деп отырған кім? – Жер сатушы! Жәнібекті салдырып, горд жасатып, қазақтардың көп жеріне қол создырып қойған кі...

Газет: «ҰРАН» газеті
Өткен июль айының ішінде Қазанда үш съез болды: «жалпы Русия мұсұлмандарының съезі», «Бүтін Русия ислам ғұламасының съезі», «Бүтін мұсыслман әскерлерінің съезі» болды. 22-сі күні сол үш үлкен съездің бас қосқан жиылысы болып, мына қаулыларды шығарып еді: 1) ұлттық һәм мәдениет автономиясы 2) м...

Газет: «ҰРАН» газеті
Сайрандап сахраны жүрдім кезіп, Қуаныш, жүруменен шаттық сезіп. Сергіді жас жүрегім жалқын басқан, Кешегі қара күннің кеткен езіп.   Қол-басым азат болып, көңіл тасқан, Көрмеген мұндай дәурен бала жастан Керіліп екі қолды сермегенде, Көзіме тең көрінді жер мен аспан....

Газет: «ҰРАН» газеті
25-інші июнь жарлығы тақырыпты Ішкі Орда бірінші һәм екінші округтердің атқа мінген жақсылары жігіттерден жүздеп, мыңдап ақша алып еді набордан қалдырамыз деп, қалғаны қалып, қалмағаны сол кірумен кетіп еді. Бостандық болып жігіттер елдеріне келген соң, былтырғы ақшасын алған жақсылардың үстінен ары...

Газет: «ҰРАН» газеті
Пошта телеграф министрінің 21-нші июльде 1917-нші жылда шығарған жарлығы бойынша 15 августан бастап пошта телеграф ақылары өсті. 1) Бандероль ақылары: А) баспа заттар болса һәм бір лоттан аспаса, қала ішінде екі тиын. Лоттан асса, әр төрт лотына екі тиын, бір қаладан екінші қалаға жіберетін бо...

Газет: «ҰРАН» газеті
газетамыздың бас жазушысы Абдолазиз Мұса он күн срокпен аулына кеткенде екінші жазушысы Нығман Манаев қатты науқастанып қалды. Сондықтан «Ұран»-ның бұл номері уақыттан кешігіп һәм екі бет кем шықты. Оқушыларымыздан ғафу өтінеміз. Шығарушысы: Ғабдулғазиз Муси (Газеттің төменгі жағы жыртылған –...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне бір шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады.  Жазылу бағасы: жылдығы 5 сом, жарты жылдығы 3 ..., үш айлығы 1,75... Иғлан бағасы: бірінші бетте жолы 30 т., төртінші бетте жолы 20 т., бірден артық басу келісуінше. Нөмірі 10 тиы...

Газет: «ҰРАН» газеті
Хан ордасындағы кіндік азық-түлік комитетінің бастығы жақын арада Астрханға барып келді . Барлық жұмысы Ордалық үшін азық-түлік табу қамын қарастыру еді. Астрханнан Ордалыққа ауыстырғандай азық-тамақ табылмаулы. Хүкіметтің бидайға қойған бағасы бар. Ол 3 сом қырық тиын. Қолында егіні бар крестиян (о...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ішкі орда қазақтарына облысной земство берілетін болды. Сондықтан земство турасында Астраханнан бөліндік, өз алдымызға облыс болдық деп «Ұран» №3-нші номерінде жазып едік. Ол туралы, ішкі іс министрінен 16-ншы июльде келген телеграмда: «Жуырда земстуо положениясын (Земство ережесі – ауд.) һәм сайлау...

Газет: «ҰРАН» газеті
Жұртқа белгілі 1880-нші жылғы қоян апатында қазақ халқы жұтап, малдан айырылды. Келер жылдарында аштан адам қырыла бастады. 1881-нші жылы хүкіметтен жарлық болды. Қазақ халқы орысқа жер сатып, тамақ асырасын деген. Сол жылдан кейін қазақтар жер сата бастады. Сатып алған жерге, орыстар хутырлар салды...

Газет: «ҰРАН» газеті
Ұранды» көз талдырып қарап едік, Әр сөзін мың ділдаға балап едік, Жиылып неше дүркін қарсы алуға – Ақыры, келмеген соң тарап едік. Түбінде ер боларын жан сезді ме – Төзе алмай, келер күнді санап едік. Мінеки, келді сабаз, күтіп жүрген, Еңіреп, ел қайғысын жұтып жүрген, Сал...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұранның» бесінші номерінде басылған «Бір айдан соң» деген мақаланы толықтыруды қажет көрдім (ол мақалада, кіндік комитеттің бүгін-ертең істейтін ісін, бір айдан соң істегендігі айтылған). Айтатыным мынау: кіндік комитетінің ісіне бөгет болып тұрған нәрселер көп. Ішінде айтылуға жарайтыны да, жарайт...

Газет: «ҰРАН» газеті
Бесінші нөмір «Ұранда» басылған сөзде кіндік комитеттің кезегі бүгін келіп тұрған 10 ісін орындамай, бір айдан соң ғана барып кірісе бастағандығы айтылып еді. Енді Қайғыртушы мырза бұл хатымен басқарманың мақаласын арастағанын, мойнына алғандығын белгісіз еді. Онысы хатымда комитеттің кешігуінің себ...

Газет: «ҰРАН» газеті
А.Баржақсинге: хаттарыңызды алдық, жазып тұрыңыз. Басқармаға хат жазушылар ескерсе екен, пошта хақы қымбаттағандықтан, ашық хатқа екі тиындық маркі, жабық хатқа бұрынғы он тиындық орнына он бес тиындық марка жабыстырылуға керек. Шығарушы: Ғабдолғазиз Муси Бастырушы: Ордалық мұсылман бұйросы...

Газет: «ҰРАН» газеті
«Ұран» газитасы Хан Ордасында жетісіне екі шығады 1917 жыл иул (июль-шілде – ауд.) (28) да шыға бастады. Жазылу бағасы: жылдығы 15 сом, жарты жылдығы 8 сом, үш айлығы 5 сом. Адрес алмастыру хақы 50 тиын Алдырушыларға адрес: Ханская ставка, Астр. губ. Ред. газ. «Уранъ» Бұл нөмірде: Сиез...

Газет: «ҰРАН» газеті
№6, 1.09.1917. «Тамақ қамы» мақаласының авторы – Нығман (Нұғман Манаев). «Земстуо сайлауын қалай өтуге?» - «Жоқшы». «Орысқа жер сату һәм қыр қаласы Жәнібек» - «Таныс». «Ұран» газеті туралы – Ғұмар Қарашев. «Басқармаға хат» - «Қайғыртушы». Басқарма атынан («Қайғыртушыға»). Басқарм...