І Кіріспе бөлім

Мұстафаның мұрасы

Жалпы, «Жайық Пресс» ЖШС жанынан Батыс Қазақстан өңірінің бас- пасөз тарихын зерттеу орталығы құрылып, қызмет ете бастағалы бізге таусылмас қазына, үлкен көмек болып келе жатқан дереккөз – зерттеуші Мұстафа Ысмағұлов жинастырған, бүгінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұрған мәліметтер десек болады.

«Жайық Престің» жаңа кітабы

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына тура ширек ғасыр толғалы отыр. Осы кезеңде Елбасымыздың тапсырмасына орай ел тарихын зерттеу бағытында соны сүрлеу салынса, соның ішінде «Жайық Пресс» медиахолдингінің де өз соқпағы, өз үлесі бар. Әсіресе, соңғы жылдары Батыс Қазақстандағы баспасөз тарихын жете зерттеу жұмыстары қолға алынып, бірнеше кітап жарық көргені мәлім. «Дұрыстық жолы» – соның заңды жалғасы. Осыған дейін «Қазақстан», «Ұран», «Хабар-Известия»,

Газет тарихы – ел тарихы, зиялылардан қалған хат

1911 жылы-ақ «Қазақстан» атты газет шығарып, қазақ даласына шуақ шашқан ұлт зиялыларының бірі Ғұмар Қараш: «Газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз» деп жар салған екен. Қай халықтың да озық ойлы азаматтары сын сағатта желдің өтінен, жаудың шетінен шығады. Бұл майданның туы да осы бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан газет тарихын зерттеу – ел тарихын зерделеу, зиялылардан қалған хатты оқу деп ойлаймын.