«Дұрыстық жолы» №8

Сыртқы хабарлар

Түркияда зор өзгеріс. Киев 20-апрель – Бізің Одессадағы өкіліміз былайша хабар береді. Кеше Түркияның консулы маған ресми портта иғлан етті: Түркия мемлекетінде зор өзгеріс болды.

Түркияның Азия қисымындағы губернияларында совет хүкметі иғлан етілді. Стамбулда революционный комитет құрылды. Оның қолында әскери һәм соғыс кемелері бар. Сайузниктер әзірге іске қатыспай тыныш тұр. Түркия консулы Русиямен екі арада тауар айырбастауға кірісудің керектігін баян етті. Бірақ сайузниктер Түркия кісілерінің жүруіне кесірлік етпейді.

Оқытушыларға

(Н.П. журналына тақмид)

Тарих оқытушыларымыздың үстіне үлкен міндет береді. Халықтың ащы тұрмысы үшін күйінген бір жазушы айтқан екен: «Күшіңізден келгенше жұрт ішіне жақсылық тұқымын шашыңыз» деп, хазір біз де сізге сол сөзімізді айтамыз, жана да сіздің бәріңіз бірге жиналып, бәріңіз бір арқанмен тұтасып, ел ішіне барып, бір-бірін сүйу тұқымын шашып, қолға қол ұстасып, осы күнге шейін біздің ойымызға да кіріп шықпаған бек жақсы көркем тұрмыстық негізін салар-ау деп иланамыз. Оқытушылар! Сіз хазір бүтін Русия оқытушыларымен біргесіңдер.

Қазіргі халде Русияға не керек

Русияға тыныштық һәм тату еңбек керек, орыс жұртына байлардың һәм патшалардың соғысынан болған жараларын түзету, емдеу керек. Русияға  шаруасын  –  жаңа  ортақ,  бірлік  негізіне  құруы  керек.

Русия тағы да биыл мына соғыстың уақытсыз ұзауынан азап шекпек, жұмысшыларға фабрик, заводттарды тастап, қолына мылтық алып, сансыз фронтын дұшпандарынан сақтауға тура келіп тұр.

Істен шығарылған шойын жолдар әскер мен жау құралдары – жүктерімен толы, қалаларда халық азық аздықтан жүдеулі. Ауылдағы жұмыскерлер де бірінің артынан бірі соғысқа алынуда.