«Дұрыстық жолы» №7

Алаш құрбанына

       Алаш баласының тарыққанына жәрдем беріп, көз жасымен бетін жуғанда шыбын жанын аямай қызмет етіп жрген кешегі Ишанғали Меңдіхановтың бұл дүниадан өткендігін естігенде күйзелмеген жан қалмады. Мархом ескі хүкмет заманында неше түрлі орынға тұрса да, Николайдың қан ішкіштеріне қарсы болып, әлденеше рет орыннан түсіріліп еді. Бостандық болғаннан бері қарай тынбастан халыққа қызмет етіп еді. Елге пана болып, қан ішер залымдардан қорғап тұрған Алаштың бір жігіті еді! Алаш үшін шыбын жанын құрбан етті.

Меңдіхановқа

Бөкейлік жеті қисым байтақ елің;

Біліп тұр кім жақсысын байқап елің;

Ел басшысы азаматтың жұмласынан

Ишанғали Меңдіханов деп айтады елің.

Бәйтерек панасы мол құлап қалды,

Амалсыз соған отыр шаршап елің.

Қазаға қарсы келген амалы жоқ,

Өкініп босқа басын шайқады елің.

Фанидан есіл ерім өтіп кеттің,

Халқыңды өкінішті етіп кеттің.

Жасыңнан талап иесі болғандықтан,

Бірнеше мақсұтыңа жетіп кеттің.

Шам едің Бөкейлікте жарық жанған,

Желменен оқыс тиген өшіп кеттің.

Сыртқы хабарлар

Америка һәм Русия мәжілісі.

Лион 9-ншы апрелде (Америка һауа телеграмы) Америка жарас өкілдерінің үміті енді болшевиктердің ілтифатын азыққа алмастыру фікірі төңірегінде тоқталды.

Бұл тақырыпта екі план бар. Бірінші: болшевиктермен қолма қол жұмыс етуден сақтанып, бейтараф тұрған Скандинавия хүкметі арқылы Русияға шейін тамақ беру. Екінші: болшевиктермен келіс бола қалғанда, совет хүкметіне азық сатып алуға кеңшілік ету.