«Дұрыстық жолы» №5

Русия хабарлары

Жолдас Свердловқа ескерткіш

Бүтін Русия кіндік комитетінің басқарма адамдары мынадай қаулы шығарды: жолдас Свердловты мәңгілік есте қалдыру үшін Мәскеудегі театр майданын «Свердлов майданы» деп атауға, қымбатты нәрседен Свердловтың сүгретін жасап қойып, майданды көркейтуге, һәм бұның үшін бір милион сом ақша белгілеуге, ескерткіш-сүгрет жасау туралы жоба әзірлеу үшін білімгерлер арасында жарыс иғлан етуге, ең жақсы жоба шығарушыға жоғарыда айталған бір милион сомнан елу мың сом бәйге беруге.

Жолдас Свердлов кім?

Соғыс халі

Түн жақ майданы – Архангел маңында артық өзгеріс жоқ. Күнбатыс майданы – Архангел маңайында артық өзгеріс жоқ. Күн батыс майданда – Псков маңайында эстон қызыл әскерлері бірнеше ауылдарды алды. Темір жол бойында қатты соғыстар болып тұр. Маринбудттың һәм Митава маңайында латыш қызыл әскерлері біраз кері шегінді.