«Дұрыстық жолы» №3

Лекция

Орда қаласындағы зиялылар ұйымы тарафынан орын халқы үшін һәр түрлі жайдан білік беретін лекция ашылды. Бірінші лекция 18-нші мартта сөйленіп, сыпной тиф туралы болды. Лекцияға доктрлар, агрономдар, инженерлер һәм учителдер қатынасып, халықтың тұрмыс жолында бірнеше керекті нәрселері туралы әңгімелер сөйленілешек. Лекция тыңдау хақылы болып, билетпен ғана жіберілешек.

Билет лекция болардың алдында ұйымның кассасында һәм лекция сөйленілетін городской тиатрдың бинасында сатылашық.

****  ****   ***

Наборшиктер керек

Қызыл фронт

13-хамалдағы соғыстың халі.

Арқа жақ майданда Архангел жағында бізің әскерлер Чинкурскге қарай жүріп, Чинкурскден 45-шақырым жерде Выставка деген ауылды алды.

Күнбатыс фронт Псков арқылы Пичерскі жағында бізің әскерлер Псков тас жолынан 10 шақырым жерде соғысып, біраз қаланы алды. Маринскі жағында қызыл Латыш әскерлері күшейулі.

Валамдскі алқабы Волкскі жағында қызыл латыштармен бірнеше ауылдар алынды.

Украинаның совет әскері Херсонды алды

Харков, 3 март. Гупгуршиев атаманның әскері Херсонды биледі, дұшпандардың көрген зарарлары бек зор.

Бізің әскерге атушы франсуздар өрт салған бірнеше үйлер жандырған портта (теңіз параходтары тұруы үшін арнап жасалған орын) тұрушы франсуз транспортының (жүк) әскері бастақтық (бүлік – Қ.) шығарып, елге қайтуды сұранған транспорт бортынан шықты.

 

Жолаушы поездардың тоқталуы

Совет хүкметі һәм атқа мінген ардақты азаматтарымыз

Бостандық таңы атты, құрдастық, теңдік заманы туды деп айқайлай, алақандарымызды шапалақтап жар салғанымызға, бір-бірімізден сүйінші сұрасып, сиездер құрып, һәр түрлі тілектер баяндағанымызға талай сәрсенбілер болып өтті. Одан бері талай таптардың адамдары – халықты мен оңдырамын, елге жарық сәулені мен түсіремін деп таққа отырып, қожалық етті, билік құрды.

Жібекті жүн етушілерге

Ағарған таңды, Қызарған күнді,

Қуанып ек көргенде, Ашылды жолы, Шешілді қолы,

Деп ек күні келгенде: Сұраймын, жұртым, бері қайт, Мұнда қылған ісіңді айт!

Сарғайып, күтіп, Сағынып, жетіп, Алдық деген ерік еді; Созылып жетпей; Көңілден кетпей, Жүрген сұлу көрік еді,

Сұраймын, жұртым, жөніңді айт, Жетті теңдік, мұңыңды айт!

Айтқаның өсек, Атқаның кесек.

Етек аштың, ел шаптың; Кептеліп жарға,

Қол салып арға,

Ұят сатып не таптың; Ерік тигенде еткенің,

Осы ма, жұртым, жеткенің?!

 

Ардақты азамат Ишанғали Меңдіхановтың басынан озғандары 1872-1919 жыл

Ишанғали Меңдіханов 1872-нші жылы Ішкі ордалық Қалмақ қисымында дүниаға шықты. Ишанғалидың үй-іштері өз еңбектерімен күн көруші жарлы кісілер еді. Ишанғали мархомның әкесі Ишанғали оқу жасына жеткен соң шаруасының тапшылығына, оқу жолының Меңдіхан секілді шаруасы тапшы кісілерге жабық болуына иаки өте қиындығына қарамай – Ишанғалиды Хан Ордасындағы началный школға береді. Ишанғали бала жасынан-ақ өзінің зеректігі, мойнына алған міндетті жұмыстарын үлкен кісідей түгелімен орындауы арқасында тумаларының һәм оған жақын

Наурыз

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңарған құтты болсын жылың, қазақ! Жарқырап тұрсын балқып күнің, қазақ! Әр жерде азаматың бас көтерсін

Есітіп бостандықтың үнін, қазақ! Шіріген ескілікті отқа жағып Ұшырсын көкке қарай күлін, қазақ! Бостандық жаңа туған күні астында! Күнелтсін көрмей қара түнін, қазақ! Хайырлы, мейірімді, құтты болсын

Жаңарған жылың қазақ, жылың, қазақ!

*   *   *